Ақтөбеде бұралқы иттер баланы талап тастады – қылмыстық іс тоқтатылды

© Sputnik / Илья Питалев / Медиабанкке өтуИт, архивтегі фото
Ит, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.08.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 18 тамыз – Sputnik. Ақтөбе қаласында бұралқы иттер талап тастаған баланың өлімі жазатайым оқиға деп танылды.
Маусым айында 12 жастағы Мадияр Шәкірат із-түзсіз жоғалып кеткен. Біршама уақыттан кейін баланың денесі қаңырап тұрған құрылыс нысанынан табылды. Оны бұралқы иттер талап тастаған.
AstanaTV арнасының хабарлауынша, баланың өліміне қатысты қылмыстық іс тоқтатылды.
"Сот-медициналық сараптама кезінде бала ит талағаннан кейін қайтыс болғаны анықталды. Қылмыстық тәртіп бұзушылық құрамының болмауына байланысты іс тоқтатылды", - дейді облыстық полиция департаментінің тергеу басқармасы бастығының орынбасары Нұрболат Сұлтанов.
Айта кетері, бұған дейін Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Жақсығали Иманқұлов қаңғыбас ит талап тастаған 12 жастағы баланың өліміне кінәлі сезінетінін мәлімдеді. Өйткені өзі осы жұмысқа жауапты.
"Екінші наурызда жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы заң қабылданды. Ол күшіне енуі үшін иттер мен мысықтарды ұстау туралы заңға қосымша актілер қажет. Олар тіркеуден өтті, бірақ 60 күннен кейін, яғни 18 шілдеден соң күшіне енеді. Содан кейін қаражат бөліп, ауланған иттерді бағумен айналысқысы келетіндер арасында конкурс өткізу керек", - деп түсіндірді Жақсығали Иманқұлов.
Егер жұмысын орындай алмады дейтін болса, отставкаға кетуге дайын екенін жеткізді.
Жаңалықтар
0