Ақтауда пәтерден екі адамның мәйіті табылды – күдікті ұсталды

© Sputnik / Владислав ВодневИллюстративті фото
Иллюстративті фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.08.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 18 тамыз – Sputnik. Ақтауда әйел мен ер адамды өлтірді деген күдікпен 28 жастағы жігіт ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Маңғыстау облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Ресми мәліметке сәйкес, 17 тамыз күні сағат 10:40-тың шамасында 14-шағын аудандағы пәтерлердің бірінен ер адам мен әйелдің мәйіті табылғаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына бірден жедел тергеу тобы, сондай-ақ полиция мен прокуратура басшылығы барды.
"28 жастағы күдікті ізін суытпай анықталды. Ол полиция басқармасына жеткізілді", - дейді тәртіп сақшылары.
Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 99-бабы, 2-бөлігі (Адам өлтіру, адамның қызметтiк жұмысын жүзеге асыруына не кәсiптік немесе қоғамдық борышын орындауына байланысты осы адамды немесе оның жақындарын өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Айта кетері, бұл қылмыс үшін он бес жылдан жиырма жылға дейiн немесе өмiр бойына бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Жаңалықтар
0