Алматыда 25-қабаттан секірген қыздың сөмкесінен медициналық анықтама табылды

© Sputnik / Алексей МальгавкоАрхивтегі фото
Архивтегі фото  - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.08.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 18 тамыз – Sputnik. Алматыда жұрттың көзінше 25-қабаттан секіріп кеткен бойжеткен онкологиялық дертпен ауырған болуы мүмкін, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Astana TV арнасына сілтеме жасап.
Қайғылы жағдай бай-бағландар тұратын тұрғын-үй кешенінде болған. 25-ші қабаттағы подъездің балконынан секіріп кеткен қыздың түгі қалмапты. Тұрғындар оқиға орны қып-қызыл қанға боялғанын айтты. Қыз асфальтқа баспен түскен. Куәгерлер оның балконда тұрғанын көріп, ақылға шақырған. Полицияға хабар берді.
"Сол кезде анам дәріханада еді. Айқайдың дауысын естіп, сыртқа шыққанында қыздың жерде жатқан денесін көрген. Қан жоса боп жатқан. Анам әлі есін жия алар емес, шошып қалған", - осы үйдің тұрғыны Сәния Әсембек.
Ал күзет қызметкері қызды бұрын-соңды көрмегенін айтты. Құлағаннан кейін оның сөмкесінен медициналық сараптама қорытындысы шыққан. Өрімдей қыз онкологиялық дертпен ауырған болуы мүмкін. Соның салдарынан өз-өзіне қол салуы ықтимал. Дегенмен нақты себебін полиция анықтайды.
Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 105-ші бабы (Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) бойынша тергеу шаралары басталды. Сол кезде оқиғаның мән-жайы мен себеп-салдары анықталады.
"Сондай-ақ мұндағы тұрғындар марқұмның Шымкент қаласынан келгенін айтты. Пәтерді марқұм бір тәулікке жалға алған. Ал үй иесімен тілдесу мүмкін болмады", - дейді қалалық полицияның өкілі Салтанат Әзірбек.
Жаңалықтар
0