Алматы облысында жансақтау бөліміне түскен науқас күйіп қалды

© Photo : Региональная служба коммуникаций Туркестанской областиАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.08.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 18 тамыз – Sputnik. Алматы облысында жансақтау бөліміне түскен науқас ауруханада жарақат алған, деп хабарлады Almaty.tv.
Эпилепсияға шалдыққан азаматқа ыстық сұйықтық төгілген. 20 жастағы Сұлтан бұл дене жарақатын ауруханада алған. Сол сәтте науқас ес-түссіз жатқандықтан, оқиғаның қалай болғанын өзі жөнді білмейді.
"Оянғанда оң жағым ашып жатқанын сездім. Не болды деп қарасам, күйіп қалыпты. Шайға өзің күйіп қалдың, жылы шай әкелгенде, ыстығын сұрадың" деп түсіндірді", – деді Абай ауылының тұрғыны Сұлтан Оршабеков.
Алайда Сұлтанның анасы дәрігерлерге сенбейді. Оқиға болған сәтте бірден хабар бермегеніне наразы.
"Қалай шайға күйдіріп алады? Неге аузы мен қолы күймейді? Шәй төгілсе, 3-дәрежелі күйік алады деген миға симайтын әңгіме сияқты. Білмеймін. Қорқып қалдық. Жансақтау бөлімінде осылай істесе, басқа бөлім не істемейді", – деді Сұлтанның анасы Бақытгүл Оршабекова.
Айта кетері, бұл - Қарасай ауданы бойынша ауыр хәлдегі науқастарды қабылдайтын жалғыз аурухана. Эпилепсияға шалдыққан 20 жастағы Сұлтан 1 тамыз түнде осында жеткізіліп, мұндағы жансақтау бөліміне жатқызылған. Анасының айтуынша, ұлының талма ауруы осыдан 10 жыл бұрын анықталған. Содан бері Сұлтан дәрігерлер бақылауында. 1 тамызда түнге қарай дерті аяқ асты асқынып, үй маңында есінен танып құлаған. Дәрігерлердің айтуынша, жедел жәрдеммен жеткізілген науқасқа тиісті медициналық көмек көрсетілген.
"Науқас жансақтау бөлімінде жатқанда денесін күйдірді. Үстіне ыстық шай төгілген. Қазір тексеру жүріп жатыр. Оқиғаға қатысты дәрігермен сөйлестік. Ертең Медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау комитетінің тексеру тобы келугетиіс. Олар толық тексеріс жасап, кімнің кінәлі екенін анықтайды", – деді Қарасай ауданаралық көпсалалы ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Максим Стадников.
Сұлтанның анасы бұл оқиғадан кейін экспертиза жасауды талап еткен. Оның айтуынша, сол сәтте дәрігерлер қарсы болған көрінеді. Сондықтан ұлын ауруханадан шығарып алған. Кейін полицияға арыз жазып қалдырды.
"Бұл дерек полиция басқармасында тіркелді. Материалдар жинақталып, экспертиза тағайындалды. Оқиға ауруханада болғандықтан іс Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасына жолданды. Істің толық мән-жайы тексеру жұмыстарының нәтижесі шыққанда ғана анықталмақ. Әзірге Сұлтан жарасын өзі танып, ем-домды үйінде алып жатыр", – деді Қарасай АПБ жергілікті полиция қызметі бөлімінің бастығы Арман Талқамбаев.
Жаңалықтар
0