Алматыда дүкен тонап жүрген жас қарақшының видеосы жарияланды

© Photo : Pixabay / TheDigitalWayВзломщик
Взломщик - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.08.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 18 тамыз – Sputnik. Алматыда тәулік бойы жұмыс істейтін супермаркетке қарақшылық шабуыл жасалды. Бетперде киген ер адам тапаншамен қорқытып, кассадағы барлық ақшаны алып кетті, деп хабарлайды Polisia.kz.
Түнгі қылмыс дүкендегі бейнебақылау камерасына жазылып қалды.
Ресми мәліметке сәйкес, түнгі сағат сағат 01:00-де Розыбакиев көшесінде орналасқан азық-түлік дүкеніне кірген ер адам қару қолданып, кассадағы ақшаны ұрлап кеткен. Күзетші мен кассир өз өмірлері үшін қауіптенді. Сол себепті барлық ақшаны бере салды.
"Бұл қылмысты ашу үшін криминалдық полицияның тәжірибелі жедел қызметкерлері және аудандық полиция бөлімінің тәртіп сақшылары кірген арнайы жедел-іздестіру тобы құрылды. Олар күдіктіні бір тәуліктің ішінде тапты. Арнайы жасағының оны ұстады",- дейді полицейлер.
Қарақшы дәмханада даяшы болып жұмыс істейді. Қызметкерлерге арналған киім ауыстыратын бөлмеде заттай айғақтар табылды. Соның ішінде тапанша, күдіктінің тонау кезінде киген киімдері мен басқа да құралдар бар.
Қарақшы Шымкент қаласының 24 жастағы тұрғыны болып шықты. Алматыға табыс табу үшін келген. Азық-түлік дүкендеріне жасалған тағы екі қарақшылық шабуылға қатысы бар болып шықты. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Жаңалықтар
0