https://sputnik.kz/20220818/almaty-artsport-bagdarlamasy-zhabylady-26825101.html
Алматыда Artsport бағдарламасы жабылады – Досаев
Алматыда Artsport бағдарламасы жабылады – Досаев
Sputnik Қазақстан
1 қыркүйектен бастап Artsport бағдарламасы бойынша спорт секцияларын бюджет есебінен қаржыландыру тоқтатылады 18.08.2022, Sputnik Қазақстан
2022-08-18T14:20+0500
2022-08-18T14:20+0500
2022-08-18T14:21+0500
алматы
балалар
https://sputnik.kz/img/old/942/99/9429932_0:69:1355:831_1920x0_80_0_0_d0bf92ef2bc1b86831b68d13385f40a3.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 18 тамыз – Sputnik. Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев жаңа оқу жылынан бастап Artsport бағдарламасының тоқтатылатынын растады. Бюджетте оған қаржы жоқ, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Бүгінде әкімдікке Artsport-қа қатысты сұрақтар көп түседі. Қаржыны бөлу төңірегінде дау-дамай да жоқ емес. Бүгін Наурызбай ауданының халқымен кездескен қала әкімі бағдарламаның жабылатынын жеткізді. Қала басшысы Artsport сияқты бағдарламалардың қажет екенін жеткізді. Бүгінде оған ұқсас қаланың жеке жобасын әзірлеуге тапсырма берілді. "Иә, бұл маңызды және қалаға қажет бағдарлама. Сол себепті мен әлеуметтік осал топтарға жататын балаларға арналған спорттық секциялар бойынша қалалық бағдарламаны әзірлеуге тапсырма берді. Өз орынбасарым Арман Қырықбаевқа тапсырма берді. Ол бағдарлама тек әлеуметтік осал топтарға ғана арналады", - деп атап көрсетті әкім.Айта кетері, ArtSport бағдарламасының төңірегінде дау болған. Тегін секциялар мен үйірмелерге арналған бюджет қаржысы балаларға жетпей қалған. Осыдан кейін мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев бағдарламаға өзгеріс енгізілетінін мәлімдеді.
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/942/99/9429932_78:0:1278:900_1920x0_80_0_0_567d9d8831a1532f5c4cf804daf41932.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы, балалар
Алматыда Artsport бағдарламасы жабылады – Досаев
14:20 18.08.2022 (жаңартылды: 14:21 18.08.2022) 1 қыркүйектен бастап Artsport бағдарламасы бойынша спорт секцияларын бюджет есебінен қаржыландыру тоқтатылады
НҰР-СҰЛТАН, 18 тамыз – Sputnik. Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев жаңа оқу жылынан бастап Artsport бағдарламасының тоқтатылатынын растады. Бюджетте оған қаржы жоқ, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан.
Бүгінде әкімдікке Artsport-қа қатысты сұрақтар көп түседі. Қаржыны бөлу төңірегінде дау-дамай да жоқ емес. Бүгін Наурызбай ауданының халқымен кездескен қала әкімі бағдарламаның жабылатынын жеткізді.
"Біз кәсіпкерлерге 1 қыркүйектен бастап қаржыландырудың тоқтатылатынын алдын ала ескерттік. Жергілікті бюджетте осы саладағы қызметтерді төлеуге ақша жоқ. Біз ата-аналар мен қызмет көрсетушілермен әділ болдық. Алдымен қаржыландыру мәселесін шешіп алу керек. Бюджетте қажетті қаражат қарастырылмаған", - деді Досаев.
Қала басшысы Artsport сияқты бағдарламалардың қажет екенін жеткізді. Бүгінде оған ұқсас қаланың жеке жобасын әзірлеуге тапсырма берілді.
"Иә, бұл маңызды және қалаға қажет бағдарлама. Сол себепті мен әлеуметтік осал топтарға жататын балаларға арналған спорттық секциялар бойынша қалалық бағдарламаны әзірлеуге тапсырма берді. Өз орынбасарым Арман Қырықбаевқа тапсырма берді. Ол бағдарлама тек әлеуметтік осал топтарға ғана арналады", - деп атап көрсетті әкім.
Айта кетері, ArtSport бағдарламасының төңірегінде дау болған. Тегін секциялар мен үйірмелерге арналған
бюджет қаржысы балаларға жетпей қалған.
Осыдан кейін мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев
бағдарламаға өзгеріс енгізілетінін мәлімдеді.