https://sputnik.kz/20220817/uqk-zhumys-tanysy-4-mln-tenge-turkistandyq-26783486.html
ҰҚК-ға жұмысқа тұрғызамын деп танысынан 4 млн теңге алған түркістандық ұсталды
ҰҚК-ға жұмысқа тұрғызамын деп танысынан 4 млн теңге алған түркістандық ұсталды
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 17 тамыз – Sputnik. Түркістан тұрғыны Ұлттық қауіпсіздік комитетіне жұмысқа орналастыруға уәде етіп, танысынан 4 млн теңге алған. Полиция жұмыссыз... 17.08.2022, Sputnik Қазақстан
2022-08-17T11:06+0500
2022-08-17T11:06+0500
2023-08-09T09:35+0500
қоғам
ұлттық қауіпсіздік комитеті
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0a/15703908_0:0:3000:1688_1920x0_80_0_0_125f7eaadff90a59084b14a1d811e40b.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 17 тамыз – Sputnik. Түркістан тұрғыны Ұлттық қауіпсіздік комитетіне жұмысқа орналастыруға уәде етіп, танысынан 4 млн теңге алған. Полиция жұмыссыз жүрген алаяқты ұстады.Облыстық полиция департаментінің ақпаратынша, әйел қызын Ұлттық қауіпсіздік комитетіне жұмысқа тұрғызу үшін танысына 4 млн теңге берген. Алайда ер адам екі жыл бойы уәдесін орындамаған, ақшаны да қайтармаған. Алаяққа алданып қалғанын түсінген жәбірленуші полицияға арызданды.Бұл факті Қылмыстық кодекстің 190-бабы "Алаяқтық" бойынша тіркелді.Түркістан полицейлері жедел-іздестіру шаралары барысында күдіктіні ұстады. Ол жұмыссыз жүрген орта жастағы жергілікті тұрғын болып шықты."Ер адам жәбірленушіні алдап, ақшаны өзіне алған. Қазіргі таңда тәртіп сақшылары оқиғаның толық мән-жайын анықтап жатыр", - делінген хабарламада.Полиция азаматтарды сақ болуға, жақын танымайтын адамдарға сенбеуге шақырды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0a/15703908_602:0:2853:1688_1920x0_80_0_0_44d68f92bac232cbb8a96e51ab1cf319.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ұлттық қауіпсіздік комитеті
ұлттық қауіпсіздік комитеті
ҰҚК-ға жұмысқа тұрғызамын деп танысынан 4 млн теңге алған түркістандық ұсталды
11:06 17.08.2022 (жаңартылды: 09:35 09.08.2023) НҰР-СҰЛТАН, 17 тамыз – Sputnik. Түркістан тұрғыны Ұлттық қауіпсіздік комитетіне жұмысқа орналастыруға уәде етіп, танысынан 4 млн теңге алған. Полиция жұмыссыз жүрген алаяқты ұстады.
Облыстық полиция департаментінің ақпаратынша, әйел қызын Ұлттық қауіпсіздік комитетіне жұмысқа тұрғызу үшін танысына 4 млн теңге берген. Алайда ер адам екі жыл бойы уәдесін орындамаған, ақшаны да қайтармаған. Алаяққа алданып қалғанын түсінген жәбірленуші полицияға арызданды.
Бұл факті Қылмыстық кодекстің 190-бабы "Алаяқтық" бойынша тіркелді.
Түркістан полицейлері жедел-іздестіру шаралары барысында күдіктіні ұстады. Ол жұмыссыз жүрген орта жастағы жергілікті тұрғын болып шықты.
"Ер адам жәбірленушіні алдап, ақшаны өзіне алған. Қазіргі таңда тәртіп сақшылары оқиғаның толық мән-жайын анықтап жатыр", - делінген хабарламада.
Полиция азаматтарды сақ болуға, жақын танымайтын адамдарға сенбеуге шақырды.