https://sputnik.kz/20220817/qazaqstandagy-adam-oliminin-negizgi-sebepteri-zhariyalandy-26803948.html
Қазақстандағы адам өлімінің негізгі себептері жарияланды
Қазақстандағы адам өлімінің негізгі себептері жарияланды
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 17 тамыз – Sputnik. Биыл Қазақстанда алты айдың ішінде 69,2 мың адам қайтыс болған. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9,6 процентке... 17.08.2022, Sputnik Қазақстан
2022-08-17T17:09+0500
2022-08-17T17:09+0500
2022-08-17T17:09+0500
өлім-жітім
қазақстан
https://sputnik.kz/img/1005/57/10055737_95:0:2500:1353_1920x0_80_0_0_00a3aaa657048e26eb63e9179a7db82b.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 17 тамыз – Sputnik. Биыл Қазақстанда алты айдың ішінде 69,2 мың адам қайтыс болған. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9,6 процентке төмен, деп хабарлады Ranking порталы.Өңірлер арасында ең көп өлім-жітім Алматы облысында тіркелді. Ол жақта жарты жылдың ішінде 7,4 мың адам көз жұмған. Одан кейін Шығыс Қазақстан (7,2 мың адам) мен Қарағанды облысы (7,1 мың адам) тұр. Ал ең аз өлім-жітім Маңғыстауда – мұнда 1,5 мың адам көз жұмған.Жалпы, өткен жылмен салыстырғанда астанадан басқа барлық өңірде адам өлімі азайып отыр.Ал Қазақстандағы адам өліміне көбінесе қан айналымы аурулары себеп болған. Одан 15,6 мың адам көз жұмды. Былтыр бұл көрсеткіш 15,7 процентке жоғары еді. Екінші орында – өскіндер, ал үшінші орында – тыныс алу органдарының аурулары. Одан барлығы 13,7 мың адам қайтыс болды. Бұдан бөлек, қайғылы жағдайлар, улану, сан алуан жарақаттар мен ас қорыту органдарының аурулары өлімге себеп болып жатады.Биыл Қазақстан әлем бойынша адам өлімі рейтингісінде 229 елдің ішінде 85-ші орыннан көрінді.Қайтыс болғандардың санын 1 000 адамға шаққанда өлім коэффиценті шығады. Қазақстанның коэффиценті 8,11 болды.
қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1005/57/10055737_399:0:2203:1353_1920x0_80_0_0_410dd495dfd4fecafb0d4530059471db.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
өлім-жітім, қазақстан
Қазақстандағы адам өлімінің негізгі себептері жарияланды
НҰР-СҰЛТАН, 17 тамыз – Sputnik. Биыл Қазақстанда алты айдың ішінде 69,2 мың адам қайтыс болған. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9,6 процентке төмен, деп хабарлады
Ranking порталы.
Өңірлер арасында ең көп өлім-жітім Алматы облысында тіркелді. Ол жақта жарты жылдың ішінде 7,4 мың адам көз жұмған. Одан кейін Шығыс Қазақстан (7,2 мың адам) мен Қарағанды облысы (7,1 мың адам) тұр. Ал ең аз өлім-жітім Маңғыстауда – мұнда 1,5 мың адам көз жұмған.
Жалпы, өткен жылмен салыстырғанда астанадан басқа барлық өңірде адам өлімі азайып отыр.
Ал Қазақстандағы адам өліміне көбінесе қан айналымы аурулары себеп болған. Одан 15,6 мың адам көз жұмды. Былтыр бұл көрсеткіш 15,7 процентке жоғары еді. Екінші орында – өскіндер, ал үшінші орында – тыныс алу органдарының аурулары. Одан барлығы 13,7 мың адам қайтыс болды. Бұдан бөлек, қайғылы жағдайлар, улану, сан алуан жарақаттар мен ас қорыту органдарының аурулары өлімге себеп болып жатады.
Биыл Қазақстан әлем бойынша адам өлімі рейтингісінде 229 елдің ішінде 85-ші орыннан көрінді.
Қайтыс болғандардың санын 1 000 адамға шаққанда өлім коэффиценті шығады. Қазақстанның коэффиценті 8,11 болды.