https://sputnik.kz/20220817/qazaqstan-un-qymbattady-26782890.html
Қазақстанда бір жылда ұн 37%-ке қымбаттады
Қазақстанда бір жылда ұн 37%-ке қымбаттады
Sputnik Қазақстан
2022 жылдың қаңтар-маусым айларында елде дәнді дақылдардан 1,6 миллион тонна ұн өндірілді, бұл бір жыл бұрынғыдан 1,5%-ке артық 17.08.2022, Sputnik Қазақстан
2022-08-17T10:47+0500
2022-08-17T10:47+0500
2022-08-17T10:47+0500
экономика
ұн
баға
https://sputnik.kz/img/07e5/0a/1a/18501596_0:960:2048:2112_1920x0_80_0_0_d23c78b139b3bb845a7f5a2a771c150e.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 17 тамыз – Sputnik. Осы жылдың шілде айында ұн бағасы бір жыл ішінде 36,6%-ке қымбаттады. Бірінші сұрыптағы ұнның бір келісінің құны 225 теңгені, жоғары сұрып – 343 теңгені құрады, деп хабарлайды energyprom.kz. Өңірлер арасында өндірістің ең көп көлемі дәстүрлі түрде Қостанай облысында тіркелді – 552,4 мың тонна. Сондай-ақ алғашқы үштікте Солтүстік Қазақстан облысы (164,5 мың тонна) мен Шымкент (141,5 мың тонна) бар. Еліміздің ұн тартушылары ішкі нарықты жоғары деңгейде қамтамасыз етіп отырғаны айтылған. Мысалы, биылғы қаңтар-мамыр айларының қорытындысы бойынша жергілікті компаниялар сұранысты 98,9%-ке қамтамасыз етті. Сондай-ақ, мониторингтік компанияның мәліметінше, ішкі сатылым 21,3%-ке (551,7 мың тонна) төмендеген. Экспорттың ұлғаюы байқалады: 2022 жылдың қаңтар-мамыр айларында ол ақшалай түрде бір жыл ішінде бірден 86,8%-ке өсті (292,6 миллион АҚШ доллары). ТМД елдеріне 212,7 мың тонна ұн жөнелтілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 15,1%-ке артық. Қазақстан ұнының басым бөлігі Өзбекстанға жөнелтілді: 158 мың тонна – 2021 жылғы қаңтар-мамырмен салыстырғанда 17,6ке-ға артық. Үздік үштікке Түркіменстан мен Тәжікстан да кіреді. ТМД-дан тыс елдерге жалпы сомасы 223,7 млн доллар болатын 552 мың тонна ұн жөнелтілді. Мұнда барлық дерлік көлем Ауғанстанға тиесілі: 551,5 мың тонна – бір жыл бұрынғыдан 47,1%-ке артық. Мониторинг деректеріне сәйкес, еліміздің ірі қалалары арасында жоғары сұрыпты ұнның ең жоғары бағасы елордада (424 теңге), ең төменгісі Павлодарда (кг үшін 222 теңге) тіркелді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0a/1a/18501596_0:768:2048:2304_1920x0_80_0_0_68f9df10ae6ea48023854fff88376dac.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ұн, баға
Қазақстанда бір жылда ұн 37%-ке қымбаттады
2022 жылдың қаңтар-маусым айларында елде дәнді дақылдардан 1,6 миллион тонна ұн өндірілді, бұл бір жыл бұрынғыдан 1,5%-ке артық
НҰР-СҰЛТАН, 17 тамыз – Sputnik. Осы жылдың шілде айында ұн бағасы бір жыл ішінде 36,6%-ке қымбаттады. Бірінші сұрыптағы ұнның бір келісінің құны 225 теңгені, жоғары сұрып – 343 теңгені құрады, деп хабарлайды
energyprom.kz.
Өңірлер арасында өндірістің ең көп көлемі дәстүрлі түрде Қостанай облысында тіркелді – 552,4 мың тонна. Сондай-ақ алғашқы үштікте Солтүстік Қазақстан облысы (164,5 мың тонна) мен Шымкент (141,5 мың тонна) бар.
Еліміздің ұн тартушылары ішкі нарықты жоғары деңгейде қамтамасыз етіп отырғаны айтылған. Мысалы, биылғы қаңтар-мамыр айларының қорытындысы бойынша жергілікті компаниялар сұранысты 98,9%-ке қамтамасыз етті.
"Импорт 2,4 есеге өсті, бірақ бұл осы кезеңдегі елде өндірілген 1,3 миллион тоннаға қатысты 14,4 мың тонна ғана. Ал экспортқа 764,7 мың тонна ұн шығарылды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 36,2%-ке көп. Экспорттың үлесі 58,1%-ті құрады", - деп жазылған материалда.
Сондай-ақ, мониторингтік компанияның мәліметінше, ішкі сатылым 21,3%-ке (551,7 мың тонна) төмендеген.
Экспорттың ұлғаюы байқалады: 2022 жылдың қаңтар-мамыр айларында ол ақшалай түрде бір жыл ішінде бірден 86,8%-ке өсті (292,6 миллион АҚШ доллары).
ТМД елдеріне 212,7 мың тонна ұн жөнелтілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 15,1%-ке артық. Қазақстан ұнының басым бөлігі Өзбекстанға жөнелтілді: 158 мың тонна – 2021 жылғы қаңтар-мамырмен салыстырғанда 17,6ке-ға артық. Үздік үштікке Түркіменстан мен Тәжікстан да кіреді.
ТМД-дан тыс елдерге жалпы сомасы 223,7 млн доллар болатын 552 мың тонна ұн жөнелтілді. Мұнда барлық дерлік көлем Ауғанстанға тиесілі: 551,5 мың тонна – бір жыл бұрынғыдан 47,1%-ке артық.
Мониторинг деректеріне сәйкес, еліміздің ірі қалалары арасында жоғары сұрыпты ұнның ең жоғары бағасы елордада (424 теңге), ең төменгісі Павлодарда (кг үшін 222 теңге) тіркелді.