https://sputnik.kz/20220817/qazaqstan-soltustig-auyl-turgyndary-ishimdik-26780204.html
Қазақстанның солтүстігіндегі ауыл тұрғындары ішімдіктен толықтай бас тартқан
Қазақстанның солтүстігіндегі ауыл тұрғындары ішімдіктен толықтай бас тартқан
Sputnik Қазақстан
Теңдік ауылының дүкендерінде 2002 жылдан бері ішімдік сатылмайды, ауыл тұрғындары алкогольді қымыз, шырын, шайға алмастырған 17.08.2022, Sputnik Қазақстан
2022-08-17T09:16+0500
2022-08-17T09:16+0500
2022-08-17T10:39+0500
өңірлер
солтүстік қазақстан облысы
ішімдік
https://sputnik.kz/img/07e6/08/11/26774601_0:0:1200:675_1920x0_80_0_0_bb85dc64c834bfb6bdd1716a4d5ecd08.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 17 тамыз – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында ауыл тұрғындары ішімдіктен түбегейлі бас тартты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Теңдік ауылы Тайынша ауданында, Петропавл қаласынан 170 километр жерде орналасқан. Мұнда 300-ден астам адам тұрады. Ауылдың ерекшелігі – оның тұрғындары жаппай алкогольдік ішімдіктен толығымен бас тартты. Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінде атап өткендей, осы бастаманың арқасында соңғы жылдары ауылда ауыр қылмыстар, сондай-ақ отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы қылмыстар, мас күйде жасалған жол апаттары тіркелмеген. Теңдік ауылдық округінің әкімі Ержан Қасқұлақов атап өткендей, Теңдік ауылында 2002 жылдан бері ішімдік сатылмайды. "Ақсақалымыз мешіт салып, тұрғындардың барлығына ішімдіктен бас тартуды ұсынды. Содан бері дүкендерімізде ішімдік сатылмайды, ішілмейді де. Той мен басқа да жиын кезінде дастарханға қымыз қояды. Жастар футбол ойнайды: ЖШС мектеп жанынан заманауи футзал алаңын салды. Ауыл тұрғындары жұмыспен қамтылып, барлығы тату-тәтті жұмыс істеп, өмір сүріп жатыр", - дейді Ержан Қасқұлақов. Облыстық полиция департаменті басшысының бірінші орынбасары Қанат Айтбаевтың айтуынша, қазір полицейлер халықпен тығыз серіктестік қарым-қатынасқа негізделген жұмыстың күштік үлгісінен қызметтік үлгісіне көшіп жатыр. "Теңдік ауылы жергілікті қоғамдастықтың белсенді көмегі арқылы тиімді қауіпсіздікті қамтамасыз етудің үлгісі болып отыр. Соңғы бес жылда ауылда бір ғана қылмыс тіркелді: тауарлық-материалдық құндылықтар ұрлығы. Сонымен қатар, полицияның профилактикалық есебінде тұратындардың бұл ауылда жоқтығын да маңызды жайт деуге болады", - деді Қанат Айтбаев. Өңірде 289 учаскелік полиция инспекторы жұмыс істейді, оның 201-і ауылдық жерлерде, қалғаны Петропавлда жұмылдырылған. Жыл басынан бері учаскелік инспекторлар мыңнан астам қылмыстың бетін ашса, оның 581-і ұрлық сипатындағы қылмыс болып отыр. 38 308 түрлі әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. 7 200-ден астам құқық бұзушы қоғамдық орындарда мас күйінде жүргені үшін жауапқа тартылды.
солтүстік қазақстан облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/08/11/26774601_150:0:1050:675_1920x0_80_0_0_22a8c9e1096f0e55223c0121619bb3a2.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
солтүстік қазақстан облысы, ішімдік
солтүстік қазақстан облысы, ішімдік
Қазақстанның солтүстігіндегі ауыл тұрғындары ішімдіктен толықтай бас тартқан
09:16 17.08.2022 (жаңартылды: 10:39 17.08.2022) Теңдік ауылының дүкендерінде 2002 жылдан бері ішімдік сатылмайды, ауыл тұрғындары алкогольді қымыз, шырын, шайға алмастырған
НҰР-СҰЛТАН, 17 тамыз – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында ауыл тұрғындары ішімдіктен түбегейлі бас тартты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Теңдік ауылы Тайынша ауданында, Петропавл қаласынан 170 километр жерде орналасқан. Мұнда 300-ден астам адам тұрады. Ауылдың ерекшелігі – оның тұрғындары жаппай алкогольдік ішімдіктен толығымен бас тартты.
Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінде атап өткендей, осы бастаманың арқасында соңғы жылдары ауылда ауыр қылмыстар, сондай-ақ отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы қылмыстар, мас күйде жасалған жол апаттары тіркелмеген.
"Теңдік ауылдық округіне учаскелік полиция инспекторы полиция аға лейтенанты Жамбыл Қайыров қызмет көрсетеді. Округке Теңдіктен басқа Қантемір және Котовское ауылдары кіреді. Теңдіктің ішімдік ішпейтін тұрғындарының арасында полицияның шұғыл араласуын қажет ететін проблема аз", - деп атап өтті ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.
Теңдік ауылдық округінің әкімі Ержан Қасқұлақов атап өткендей, Теңдік ауылында 2002 жылдан бері ішімдік сатылмайды.
"Ақсақалымыз мешіт салып, тұрғындардың барлығына ішімдіктен бас тартуды ұсынды. Содан бері дүкендерімізде ішімдік сатылмайды, ішілмейді де. Той мен басқа да жиын кезінде дастарханға қымыз қояды. Жастар футбол ойнайды: ЖШС мектеп жанынан заманауи футзал алаңын салды. Ауыл тұрғындары жұмыспен қамтылып, барлығы тату-тәтті жұмыс істеп, өмір сүріп жатыр", - дейді Ержан Қасқұлақов.
Облыстық полиция департаменті басшысының бірінші орынбасары Қанат Айтбаевтың айтуынша, қазір полицейлер халықпен тығыз серіктестік қарым-қатынасқа негізделген жұмыстың күштік үлгісінен қызметтік үлгісіне көшіп жатыр.
"Теңдік ауылы жергілікті қоғамдастықтың белсенді көмегі арқылы тиімді қауіпсіздікті қамтамасыз етудің үлгісі болып отыр. Соңғы бес жылда ауылда бір ғана қылмыс тіркелді: тауарлық-материалдық құндылықтар ұрлығы. Сонымен қатар, полицияның профилактикалық есебінде тұратындардың бұл ауылда жоқтығын да маңызды жайт деуге болады", - деді Қанат Айтбаев.
Өңірде 289 учаскелік полиция инспекторы жұмыс істейді, оның 201-і ауылдық жерлерде, қалғаны Петропавлда жұмылдырылған.
Жыл басынан бері учаскелік инспекторлар мыңнан астам қылмыстың бетін ашса, оның 581-і ұрлық сипатындағы қылмыс болып отыр. 38 308 түрлі әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. 7 200-ден астам құқық бұзушы қоғамдық орындарда мас күйінде жүргені үшін жауапқа тартылды.