Видео

АрХО-2022: Қазақстан командасы нағыз мерген екенін дәлелдеді – видео

Жазылу
Халықаралық армия ойындары аясындағы "Меридиан" байқауының бірінші кезеңі аяқталды
Жарыс Ақмола облысындағы "Амандық" полигонында өтіп жатыр, деп хабарлады қорғаныс министрлігі.
Байқаудың алғашқы кезеңі "Атыс шебі" деп аталады. Әскери топографтар бақ сынайтын жарысқа 8 мемлекеттің командасы қатысып жатыр. Бастапқы кезеңде әскерилер қаруды меңгеру дағдыларын көрсетті.
"Меридиан" конкурсының алғашқы кезеңінде атыс жаттығуларын орындадық. Барлығы ойдағыдай атты деген ойдамын. Біз Қазақстанның намысын қорғауға бар күш-жігерімізді саламыз", - дейді жарысқа қатысушы Нұрболат Жұмабеков.
Алғашқы кезеңнің қорытындысы бойынша Қазақстан командасы нағыз мерген екенін дәлелдеп, "жақсы" деген нәтиже көрсетті. Алда әлі "Азимут" және "Топографиялық квадратлон" деп аталатын екі кезең бар.
Айта кетері, биыл Халықаралық армия ойындары аясында Қазақстанда үш байқау өткізіледі. Олар – "Артиллериядан оқ ату шеберлері", "Меридиан" және "Тактикалық мерген". Соңғы екеуі Қазақстанда алғаш рет ұйымдастырылып отыр.
Елімізде өтетін сайыстарда барлығы 26 команда бақ сынайды. Олардың ішінде Әзербайжан, Армения, Беларусь, Венесуэла, Вьетнам, Зимбабве, Қытай, Қырғызстан, Мали, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстанның әскерилері бар.
Жамбыл облысының Гвардейск гарнизонындағы оқу-жаттығу полигонында минаатқыш есептоптарының үздіктерді анықталса, Ақмола облысының Щучинск қаласындағы "Амандық" полигонында әскери топографтардың сайысы өтеді. Ал Қарағанды облысының "Спасск" оқу-жаттығу орталығында мергендер жарысады.
Жаңалықтар
0