Қарағандыда төрт пәтер отқа оранды– видео

© Photo : Қарағанды облыстық төтенше жағдайлар департаментіҚарағанды облыстық төтенше жағдайлар департаменті
Қарағанды облыстық төтенше жағдайлар департаменті - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.08.2022
Жазылу
НовостиTelegram
НҰР-СҰЛТАН, 17 тамыз – Sputnik. Қарағандыда төрт пәтердің балконы жанып кетті. Кейбір үйдің іші де отқа оранды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.
Ресми мәліметке сәйкес, бүгін сағат 12:49-да Әлихан Бөкейханов ауданындағы көпқабатты үйден өрт шыққаны туралы хабарлама түсті. Төртінші қабатта басталған өрт үстіңгі пәтерлерді де шарпыды. Төрт балкон отқа оранды. Сонымен қатар кейбір пәтердегі үй заттары, жиһаздар мен терезелер жанып кетті. Жалпы, өрт 30 шаршы метрге шарпыды.
"Өрт сөндірушілер келгенше тұрғындар пәтерден өздері шықты. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрт сағат 13:49-да жойылды", - дейді құтқарушылар.
Оқиға орнына төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамы – 26 адам және 6 техника барды. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Жаңалықтар
0