Саясат

Президент Ыдырысовты қызметінен босатты

© Photo : Служба центральных коммуникаций при президенте РКЕрлан Ыдырысов
Ерлан Ыдырысов - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.08.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 17 тамыз – Sputnik. Ерлан Ыдырысов Ұлыбритания елшісі қызметінен босатылды, деп хабарлайды Ақорда.
"Мемлекет басшысының жарлығымен Ерлан Әбілфайызұлы Ыдырысов Қазақстанның Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстанның Исландиядағы, Ирландия Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды", - делінген мәтінде.
Ыдырысов Ұлыбритания елшісі қызметін 2017 жылдан бастап атқарған еді.
Айта кетері, Ерлан Ыдырысов – Қазақстанның бұрынғы сыртқы істер министрі. Биыл 28 сәуірде экс-министр 63 жасқа толды.
Жаңалықтар
0