Павлодарда жігітті пышақтаған бойжеткен сотталды
© AP Photo / Jean-Francois BadiasАрхивтегі фото
© AP Photo / Jean-Francois Badias
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 17 тамыз – Sputnik. Павлодарда жігітті пышақтап тастаған бойжеткенге қатысты сот үкімі шықты.
22 жастағы бойжеткен негізгі жазадан бөлек, мәжбүрлі еңбекке тартылатын болды, деп хабарлады Pavlodarnews.kz.
25 мамырда түн ортасында М.Жүсіп көшесіндегі монша маңында жігіт пен қыздың арасында жанжал туындаған.
Павлодар қаласы № 2 сотының үкімі бойынша, мас қыз ауызша жанжал кезінде ер адамның асқазанына пышақ сұғып алған. Жігіт ауруханаға жатқызылды.

Бойжеткенге Қазақстан Қылмыстық кодексінің 106-бабының бірінші бөлігі бойынша денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені үшін айып тағылды.
"Сотталушы Павлодар прокурорымен кінәсін мойындау туралы мәміле түрінде келісім жасап, сот жауаптылықты жеңілдететін мән-жайды ескерді", - деді Павлодар қаласының №2 соты.
Ол 4 жылға бас бостандығын шектеу түрінде жазаға кесілді.
Сонымен қатар осы жылдар бойы қоғамдық орындарда жүз сағат мәжбүрлі еңбекке тартылады. Нақты қай жерде жұмыс істейтінін жергілікті атқарушы органдар анықтайды.
Сонымен қатар осы жылдар бойы қоғамдық орындарда жүз сағат мәжбүрлі еңбекке тартылады. Нақты қай жерде жұмыс істейтінін жергілікті атқарушы органдар анықтайды.