Нұр-Сұлтанда 5 мыңға жуық үй газға қосылды
18:25 17.08.2022 (жаңартылды: 12:22 09.08.2023)
© Photo : официальный сайт акимата Нур-Султана Газ жабдығы
© Photo : официальный сайт акимата Нур-Султана
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 17 тамыз – Sputnik. Елордада 200 мыңға жуық тұрғыны бар 14 мың абонент газға қосылды. Бұл туралы онлайн-брифнгте Нұр-Сұлтан қаласының отын-энергетика кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасының отын-энергетика ресурстары бөлімінің басшысы Мақсат Есмағұлов мәлім етті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Естеріңізге сала кетейік, газ тарату желілерінің құрылысы үш кезекке бөлінген. 2021 жылы бірінші кезектегі, сондай-ақ ішінара екінші кезектегі құрылыс аяқталды. Екінші және үшінші кезектің қалған бөлігі бойынша жұмыстар 2022-2024 жылдарға жоспарланған.
"Бүгінгі күні Көктал-1, Көктал-2, Агроқалашық, Теміржолшылар, Промышленный, Оңтүстік-Шығыс (оң жағы мен сол жағы), Күйгенжар, Мичурино, Интернациональный елді мекендері, сондай-ақ Потанин көшесі ауданында қаланың ескі бөлігіндегі тұтынушыларды қосу қамтамасыз етілді. 650 км газбен жабдықтау желісінің құрылысы аяқталды", - деді Есмағұлов.
Жалпы, елордада 200 мыңға жуық тұрғыны бар 14 мың абонент газға қосылды. Газға 4,6 мыңнан астам үй қосылған.
Айта кету керек, ЖЭО-1,2-дегі 13 қазандық газға ауыстырылды
"Биыл ЖЭО-1-де тағы үш энергетикалық қазандық газға көшіріледі. 15 әлеуметтік нысанда газды іске қосу бойынша іске қосу-реттеу жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, газға "Шарапат" әлеуметтік қызмет көрсету орталығы, №19 мектеп, № 57 мектеп, "Мейіржан" балабақшасы, "Аққанат" бөбекжайы және төрт көппәтерлі тұрғын үй қосылды", - деп хабарлады бөлім басшысы.

Сонымен қатар биыл Тұран, Тельман аудандық қазандықтарына және Ильинка, Тельман, Пригородный, Family Village, Өндіріс елді мекендеріне газ жеткізу желісінің құрылысы басталды.