https://sputnik.kz/20220817/ministrlik-zhana-qyzmet-26781207.html
Министрлік аймақтарда жаңа қызметтің енгізілігенін мәлімдеді
Министрлік аймақтарда жаңа қызметтің енгізілігенін мәлімдеді
Sputnik Қазақстан
Аймақтық уәкілдерді іріктеудің негізгі талаптары да бекітілген 17.08.2022, Sputnik Қазақстан
2022-08-17T09:42+0500
2022-08-17T09:42+0500
2023-08-10T14:47+0500
қоғам
жаңа қызмет
бала құқығы
https://sputnik.kz/img/07e6/04/18/24417838_0:185:1024:761_1920x0_80_0_0_c62e8b38d0ce5da9903a74749ccefd52.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 17 тамыз – Sputnik. Оқу-ағарту министрлігі барлық өңірде бала құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымының енгізіліп жатқанын мәлімдеді. "Енді әр аймақтың өз өкілі болады, олардан балалар да, ата-аналар да көмек сұрай алады. Бала құқықтары жөніндегі уәкілдер баланың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуы туралы өтініштерді, жергілікті атқарушы органдардың және өзге де ұйымдардың әрекеттеріне немесе бейәрекетіне қатысты шағымдарды қарайды", - делінген ресми хабарламада. Сондай-ақ, уәкілдер балаларды қорғау саласындағы мәселелерді шешуге арналған заң жобаларын әзірлеуге де атсалысады. Үкіметтің қаулысына сәйкес, балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық уәкілдерді облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың әкімдері тағайындайды. Аймақтық уәкілдерді іріктеудің негізгі талаптары да бекітілген. Оны тағайындағанда балалармен жұмыс істеу тәжірибесі, қоғамдық қызметі мен балалардың құқықтарын қорғау саласына қосқан үлесі ескеріледі. Барлығы қоғамдық негізде жұмыс істейді. Осы уақытқа дейін жеті облыста бала құқықтары жөніндегі уәкілдер тағайындалды. Олардың арасында үкіметтік емес ұйымдардың, қоғамдық бірлестіктердің жетекшілері мен заңгерлер бар.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/04/18/24417838_0:0:1024:768_1920x0_80_0_0_90c89706a04f5728fca2078467fcd25f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жаңа қызмет, бала құқығы
Министрлік аймақтарда жаңа қызметтің енгізілігенін мәлімдеді
09:42 17.08.2022 (жаңартылды: 14:47 10.08.2023) Аймақтық уәкілдерді іріктеудің негізгі талаптары да бекітілген
НҰР-СҰЛТАН, 17 тамыз – Sputnik. Оқу-ағарту министрлігі барлық өңірде бала құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымының енгізіліп жатқанын мәлімдеді.
"Енді әр аймақтың өз өкілі болады, олардан балалар да, ата-аналар да көмек сұрай алады. Бала құқықтары жөніндегі уәкілдер баланың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуы туралы өтініштерді, жергілікті атқарушы органдардың және өзге де ұйымдардың әрекеттеріне немесе бейәрекетіне қатысты шағымдарды қарайды", - делінген ресми хабарламада.
Сондай-ақ, уәкілдер балаларды қорғау саласындағы мәселелерді шешуге арналған заң жобаларын әзірлеуге де атсалысады.
"Бала құқықтары жөніндегі омбудсмендердің мемлекеттік органдар мен білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт және халықты әлеуметтік қорғау ұйымдарына кедергісіз қол жеткізуі қамтамасыз етіледі", - дейді министрлік мамандары.
Үкіметтің қаулысына сәйкес, балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық уәкілдерді облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың әкімдері тағайындайды.
Аймақтық уәкілдерді іріктеудің негізгі талаптары да бекітілген. Оны тағайындағанда балалармен жұмыс істеу тәжірибесі, қоғамдық қызметі мен балалардың құқықтарын қорғау саласына қосқан үлесі ескеріледі. Барлығы қоғамдық негізде жұмыс істейді.
Осы уақытқа дейін жеті облыста бала құқықтары жөніндегі уәкілдер тағайындалды. Олардың арасында үкіметтік емес ұйымдардың, қоғамдық бірлестіктердің жетекшілері мен заңгерлер бар.