Елорда тынысы

Елордада бес күн бойы балаларға арналған тауарлар жәрмеңкесі өтеді

© Photo : Pixabay / Alexander Lesnitsky Архивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.08.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 17 тамыз – Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласында бүгін балалар жылы аясында "KIDS EXPO. Балалар әлемі" көрме-жәрмеңкесі басталды.
Жәрмеңке EXPO халықаралық көрме орталығы алаңында 21 тамызға дейін өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Жәрмеңкенің бағыты: білім, хобби, демалыс, балалар мәдениеті (журналдар, кітаптар және музыка), ойындар әлемі (ойыншықтар, ойындар және қолдан жасалған бұйымдар), балалар сәні мен киімі, керек-жарақтар мен аксессуарлар.
"Балалар тауарларына арналған жәрмеңке – қала тұрғындары мен қонақтарына жаңа оқу жылына қажеттінің бәрін сатып алуға мүмкіндік беретін алаң. Мұнда бес күн бойы кітап, кеңсе, тоқыма, білім беру, ойын-сауық индустриясының 100-ге жуық қатысушысы өз тауарларын ұсынады", - дейді ұйымдастырушылар.
Жәрмеңкеге келген адамдар үшін арнайы ақпараттық, мәдени және спорттық бағдарлама ұйымдастырылады, оған қазақстандық және халықаралық сарапшылар қатысады.
Сондай-ақ көрме алаңында білім мекемелерінің педагог-психологтары үшін панельдік сессиялар, кітаптардың тұсаукесері, оқыту әдістері, тренингтер мен шеберлік сағаттары, конкурстар, балалар мен мектеп киімдерінің көрсетілімі өткізіледі.
Жәрмеңкені жыл сайын өткізу жоспарланып отыр.
Жаңалықтар
0