Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

БҰҰ Бас хатшысы Львовқа келді

© Sputnik / Сергей Пятаков / Медиабанкке өтуГенеральный секретарь ООН Антониу Гутерреш
Генеральный секретарь ООН Антониу Гутерреш - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.08.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 17 тамыз – Sputnik. БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерреш Львовқа келді. Мұнда ол ертең Украина президенті Владимир Зеленский және Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанмен үшжақты кездесуге қатысады, деп хабарлады РИА Новости агенттігіне бас хатшының баспасөз хатшысы Стефан Дюжаррик.
БҰҰ Бас хатшысы бейсенбі күні Украинаға сапары барысында Львовта Владимир Зеленскиймен және Түркия лидері Режеп Тайып Ердоғанмен үшжақты кездесуге қатысатыны бұған дейін хабарланған болатын. Сонымен қатар Гутерреш Зеленскиймен екіжақты кездесу өткізеді деп күтілуде.
Жұма күні бас хатшы Одессаға барады, ал келесі күні Ыстамбұлдағы азық-түлік келісімі аясында құрылған Біріккен үйлестіру орталығына барады деп күтіліп отыр. Бұл ретте БҰҰ Бас хатшысының әзірге Мәскеуге бару жоспары жоқ, деді брифингте Гутеррештің баспасөз хатшысы.
"Біз Львовқа келдік", - деп мәлімдеді Дюжаррик.
Жаңалықтар
0