Алматыда қыз 25 қабаттан секіріп кетті

© Sputnik / Илья Питалев / Медиабанкке өтуБалконы многоэтажного дома, архивное фото
Балконы многоэтажного дома, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.08.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 17 тамыз – Sputnik. Алматыда 25-қабаттан қыз секіріп кетті, деп хабаралайды ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.
"Кешкі уақытта 102 пультіне Розыбакиев көшесіндегі тұрғын үйлердің бірінің 25-қабатында орналасқан балконнан әйел адамның құлап кеткені туралы хабарлама келіп түсті. Ақпарат расталды. Марқұмның жеке басы анықталды. Бостандық аудандық полиция басқармасында Қылмыстық кодексінің 105-бабы (Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", - делінген іім хабарламасында.
Жаңалықтар
0