https://sputnik.kz/20220817/alayaqtar-qazaqstandyqtar-ministrlik-26782356.html
Алаяқтар қазақстандықтарды 1 млн теңге береміз деп алдап жатыр – министрлік
Алаяқтар қазақстандықтарды 1 млн теңге береміз деп алдап жатыр – министрлік
Sputnik Қазақстан
Алаяқтар тұрғындарға телефон шалып, өздерін еңбек министрлігінің қызметкеріміз деп таныстырып жатыр 17.08.2022, Sputnik Қазақстан
2022-08-17T10:39+0500
2022-08-17T10:39+0500
2022-08-17T10:39+0500
қоғам
алаяқ
https://sputnik.kz/img/934/98/9349867_0:108:1920:1188_1920x0_80_0_0_39c25d210674684a286a205ac0650f2c.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 17 тамыз – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қазақстандықтарды алданып қалмауға шақырды.Ведомство ақпаратынша, алаяқтар материалдық көмек көрсетеміз деген желеумен шотты бұғаттан шығаруды және қарызды өтеуді сұрайды (барлық жағдайда несиені уақтылы қайтармау және банктерге берешекті төлемеу салдарынан шоттар бұғатталған). Азамат уәде етілген материалдық көмекті алу үшін шотын бұғаттан шығарғаннан кейін алаяқтар техникалық ақауды сылтауратып, көмек көрсету мүмкін еместігін айтады.Еңбек министрлігінің қызметкерлері азаматтарға қоңырау шалмайды, барлық мемлекеттік әлеуметтік төлем азаматтардың өтініші негізінде немесе проактивті форматта жүргізіледі, деп мәлімдеді ведомстводағылар.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/934/98/9349867_215:0:1920:1279_1920x0_80_0_0_98d42dd2ae895482fb6310d11664020c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алаяқ
Алаяқтар қазақстандықтарды 1 млн теңге береміз деп алдап жатыр – министрлік
Алаяқтар тұрғындарға телефон шалып, өздерін еңбек министрлігінің қызметкеріміз деп таныстырып жатыр
НҰР-СҰЛТАН, 17 тамыз – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қазақстандықтарды алданып қалмауға шақырды.
"Белгісіз біреулер азаматтарға телефон соғып, өздерін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қызметкері ретінде таныстырып, 500 мыңнан 1 млн теңгеге дейін ақшалай төлем түрінде әлеуметтік көмек көрсетуге уәде береді. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды", - деп ескертті министрлік.
Ведомство ақпаратынша, алаяқтар материалдық көмек көрсетеміз деген желеумен шотты бұғаттан шығаруды және қарызды өтеуді сұрайды (барлық жағдайда несиені уақтылы қайтармау және банктерге берешекті төлемеу салдарынан шоттар бұғатталған). Азамат уәде етілген материалдық көмекті алу үшін шотын бұғаттан шығарғаннан кейін алаяқтар техникалық ақауды сылтауратып, көмек көрсету мүмкін еместігін айтады.
Еңбек министрлігінің қызметкерлері азаматтарға қоңырау шалмайды, барлық мемлекеттік әлеуметтік төлем азаматтардың өтініші негізінде немесе проактивті форматта жүргізіледі, деп мәлімдеді ведомстводағылар.