https://sputnik.kz/20220816/zhana-ministr-buryngy-ariptesi-zhayly-26751351.html
Жаңа министр бұрынғы әріптесі жайлы: біреуді жамандайтын жағдайым жоқ
Жаңа министр бұрынғы әріптесі жайлы: біреуді жамандайтын жағдайым жоқ
Sputnik Қазақстан
БАҚ өкілдері одан жаңа лауазымға тағайындалу туралы жаңалықты қалай қабылдағанын сұрады 16.08.2022, Sputnik Қазақстан
2022-08-16T12:47+0500
2022-08-16T12:47+0500
2022-08-16T12:47+0500
қоғам
серік жұманғарин
https://sputnik.kz/img/07e6/08/10/26735408_0:93:1762:1084_1920x0_80_0_0_bd92f936b2e52fc24b7b00ec5e9dc4cf.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 16 тамыз – Sputnik. Бақыт Сұлтановтың орнына сауда және интеграция министрі қызметіне келген Серік Жұманғарин бұрынғы әріптесі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. БАҚ өкілдері одан жаңа лауазымға тағайындалу туралы жаңалықты қалай қабылдағанын сұрады. "Мен біраз жыл мемлекеттік қызметтемін. Шынымды айтсам, ешқандай лауазымға қуанбаймын да, кетерде жыламаймын да (күлді). Ол деген қызмет, жұмыс. Бірақ кеше президентке сеніміңізді ақтауға, адал, белсенді жұмыс істеуге тырысатынымды айттым", - деді ол. Еске салсақ, кеше, 15 тамызда президент Серік Мақашұлы Жұманғаринді премьер-министр орынбасары – сауда және интеграция министрінің міндеттерін атқарушы қызметіне тағайындады. Бұған дейін бұл қызметті Бақыт Сұлтанов атқарды. Ол қант төңірегіндегі проблемаға байланысты президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан сөгіс алған болатын. Ал Жұманғариннің өзі жаңа қызметке дейін Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігін басқарды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/08/10/26735408_97:0:1665:1176_1920x0_80_0_0_1d114f22466af21af286ff85a9635c0a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
серік жұманғарин
Жаңа министр бұрынғы әріптесі жайлы: біреуді жамандайтын жағдайым жоқ
БАҚ өкілдері одан жаңа лауазымға тағайындалу туралы жаңалықты қалай қабылдағанын сұрады
НҰР-СҰЛТАН, 16 тамыз – Sputnik. Бақыт Сұлтановтың орнына сауда және интеграция министрі қызметіне келген Серік Жұманғарин бұрынғы әріптесі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Бақыт Тұрлыханұлы кәсіби, белсенді, тәжірибелі азамат. Әрине, ол қиын уақыт болды. Біріншісі коронавирус, екіншісі Украинадағы жағдай. Мұның бәрі бағаға да, логистикаға да әсер етіп жатыр. Сол себепті біреуді жамандайтын жағдайым жоқ. Менің міндетім ертең осындай жағдай ешқашан қайталанбау үшін жұмыс істеу", - деді Жұманғарин үкімет кулуарында журналистердің сұрағына жауап беріп.
БАҚ өкілдері одан жаңа лауазымға тағайындалу туралы жаңалықты қалай қабылдағанын сұрады.
"Мен біраз жыл мемлекеттік қызметтемін. Шынымды айтсам, ешқандай лауазымға қуанбаймын да, кетерде жыламаймын да (күлді). Ол деген қызмет, жұмыс. Бірақ кеше президентке сеніміңізді ақтауға, адал, белсенді жұмыс істеуге тырысатынымды айттым", - деді ол.
Еске салсақ, кеше, 15 тамызда президент Серік Мақашұлы Жұманғаринді премьер-министр орынбасары – сауда және интеграция министрінің міндеттерін атқарушы қызметіне тағайындады.
Бұған дейін бұл қызметті Бақыт Сұлтанов атқарды. Ол қант төңірегіндегі проблемаға байланысты президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан сөгіс алған болатын.
Ал Жұманғариннің өзі жаңа қызметке дейін Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігін басқарды.