https://sputnik.kz/20220816/toqaev-mangystau-oblysynyn-akimin-qabyldady-26764804.html
Маңғыстау облысының әкімі президентке ауыз су мәселесін қалай шешкенін айтты
Маңғыстау облысының әкімі президентке ауыз су мәселесін қалай шешкенін айтты
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 16 тамыз – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысының әкімін қабылдады, деп хабарлады Ақорда. 16.08.2022, Sputnik Қазақстан
2022-08-16T17:06+0500
2022-08-16T17:06+0500
2022-08-16T17:09+0500
қасым-жомарт тоқаев
маңғыстау облысы
https://sputnik.kz/img/07e6/08/10/26763577_363:0:3090:1534_1920x0_80_0_0_b17e43ebe276483941be9b7cac0584a2.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 16 тамыз – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысының әкімін қабылдады, деп хабарлады Ақорда.Нұрлан Ноғаев жыл басынан бері атқарылған жұмыс бойынша есеп беріп, аймақтың негізгі мәселелерін жеткізді. Әкімнің айтуынша, өңірдегі өзекті мәселенің бірі – су қоры, соның ішінде ауыз сумен қамтамасыз ету. Атап айтқанда, "Астрахан – Маңғышлақ" су құбыры арқылы келетін және басқа да су тұщыту қорларынан алынатын су мөлшері мамыр айынан бастап қыркүйектің соңына дейінгі аралықта тұтынушылардың қажеттілігін толық өтей алмай келген.Алдағы уақытта жеке инвестициялар есебінен таза су көлемі тағы артады. Облыс әкімінің сөзіне қарағанда, биыл өңірде қуаңшылық жоқ. Жауын-шанын молынан түскен. Соның арқасында жем-шөп дайындау жағынан ешқандай қиындық болмайды. Ноғаев Маңғыстауда отандық және шетелдік туристер санының артқанын да жеткізді.Президент облыстағы тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуды қамтамасыз етуді тапсырды.
маңғыстау облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/08/10/26763577_0:0:2045:1534_1920x0_80_0_0_cbf94a7777bedef68107aab7056a46a8.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, маңғыстау облысы
қасым-жомарт тоқаев, маңғыстау облысы
Маңғыстау облысының әкімі президентке ауыз су мәселесін қалай шешкенін айтты
17:06 16.08.2022 (жаңартылды: 17:09 16.08.2022) НҰР-СҰЛТАН, 16 тамыз – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысының әкімін қабылдады, деп хабарлады Ақорда.
Нұрлан Ноғаев жыл басынан бері атқарылған жұмыс бойынша есеп беріп, аймақтың негізгі мәселелерін жеткізді. Әкімнің айтуынша, өңірдегі өзекті мәселенің бірі – су қоры, соның ішінде ауыз сумен қамтамасыз ету. Атап айтқанда, "Астрахан – Маңғышлақ" су құбыры арқылы келетін және басқа да су тұщыту қорларынан алынатын су мөлшері мамыр айынан бастап қыркүйектің соңына дейінгі аралықта тұтынушылардың қажеттілігін толық өтей алмай келген.
"Қазір "Қаражанбас" кен орнында тәулігіне 17 мың текше метр су тұщытатын қондырғылар іске қосылып, осы бағыттағы бірқатар мәселенің шешімі табылған. Ақтау қаласындағы су тұщыту зауытында жыл соңына дейін 20 мың текше метр суды тазартатын қондырғы іске қосылуы керек болса, соның 5 мың текше метрі қазірдің өзінде тұщытылып беріліп жатыр", - дейді Ноғаев.
Алдағы уақытта жеке инвестициялар есебінен таза су көлемі тағы артады. Облыс әкімінің сөзіне қарағанда, биыл өңірде қуаңшылық жоқ. Жауын-шанын молынан түскен. Соның арқасында жем-шөп дайындау жағынан ешқандай қиындық болмайды. Ноғаев Маңғыстауда отандық және шетелдік туристер санының артқанын да жеткізді.
Президент облыстағы тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуды қамтамасыз етуді тапсырды.