Теміржолда дизель отынын ұрлау схемасы анықталды – ондаған адам жұмыстан қуылды

© Photo : АО "НК "КТЖ"Пойыз, архивтегі фото
Пойыз, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.08.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 16 тамыз – Sputnik. Қаржылық мониторинг агенттігі Жаңарқа ауданының тұрғынына қатысты тергеу аяқталғанын хабарлады. Ол локомотив депосының машинистерімен келісіп, бір жыл бойы дизель отынын сатып отырған.
Тергеу материалдарына сәйкес, Елубайұлы үйдің жанында жерасты цистерналарын орнатып, арзан бағаға сатып алған дизельді жинаған. Одан кейін Жаңаарқа ауданында сатып отырған. Қыста тергеушілер үй жанындағы "кәсіпті" видеоға түсіріп алды. Сол кезде цистерналардан жалпы құны 3,5 миллион теңгеден асатын 15 тоннадан астам дизель отыны табылды. Ешқандай құжаты болған жоқ.
"Тергеу кезінде "Қазақстан темір жолы" АҚ филиалы қызметкерлерінің қатысуымен дизель отынын ұрлау схемасы анықталды. Ұрлыққа қатысы бар 9 қызметкер жұмыстан босатылды", - дейді агенттік мамандары.
Ал Ө.Елубайұлы кінәлі деп танылып, сот үкімімен бір жарым жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді.
Темір жол, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.05.2022
Қарағандыда 54 миллион теңгенің рельсі ұрланды
Жаңалықтар
0