Шымкентте бір жасар бала тоқтан қайтыс болды

© Photo : pixabay.comархив фото
архив фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.08.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 16 тамыз – Sputnik. Шымкент қаласында бір жасар бала үйде ашық тұрған сымды ұстап қалып, тоққа түсті. Бүлдіршін оқиға орнында қайтыс болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.
Ресми мәліметке сәйкес, 15 тамызда кешкі сағат 20.30-да кезекші диспетчерге тоқтан қайтыс болған ұл бала туралы хабарлама түскен.
Қайғылы оқиға Қаратау ауданы Нұртас шағын ауданындағы Құлагер көшесінде орналасқан жеке тұрғын үйде болған.
"Ата-анасының айтуынша, үйде "Asel" пеші ұзартқыш арқылы тоққа қосылып тұрған. Қасында ойнап жүрген бүлдіршін абайсызда ашық тұрған электрсымды қолымен ұстап қалды. Бала оқиға орнында қайтыс болған. Оқиғаның нақты мән-жайын полиция қызметкерлері анықтайды", - дейді құтқарушылар.
Төтенше жағдайлар депаратменті балаларды қараусыз қалдырмау қажеттігін тағы бір мәрте ескертті.
Әсіресе, электр қалқандар мен ашық электр желілердің қасында ойнауға болмайды. Ал тозығы жеткен электр желілерді уақытында ауыстырып отырған дұрыс.
Жаңалықтар
0