Білім

Қыркүйектен бастап 1-сынып оқушылары үшін не өзгереді

© Sputnik / Абзал Калиев фото
 фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.08.2022
Жазылу
Енді бірінші сынып оқушылары үш тілді бірден меңгермейді, ағылшын тілі үшінші сыныптан басталады
НҰР-СҰЛТАН, 16 тамыз – Sputnik. Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов жаңа оқу жылында мектептерге қатысты бірқатар жаңашылдық енгізілгенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Министр 1-сынып оқушысына үш тілді бірден меңгеру қиын екенін атап өтті. Айтуынша, бала алдымен өз тілінде оқып және жаза білуге тиіс.
"Осыған орай, біз қазақ тілді мектептерде 1-сынып оқушысын тек қазақ тілінде оқытуды, ал орыс тілді мекетептерде қазақ тілі мен орыс тілін оқыту туралы шешім қабылдадық. Қазақ тілді мектептерде 2-сыныптан бастап орыс тілі енгізіледі, ал ағылшын тілі барлық мектепте 3- сыныптан басталады", - деді Аймағамбетов үкімет отырысында.
Сонымен қатар "Еңбекке баулу" және "Бейнелеу өнері" пәндері 1-ші сыныптан бастап оқытылады.
Музыка пәні аясында 6-сынып оқушылары өз қалауымен домбыра тартуды үйрене алады.
Бұған қоса, мектептерде қосымша факультатив есебінен шахматты дамытуға мүмкіндік беріледі.
Жаңалықтар
0