https://sputnik.kz/20220816/qazaqstandyq-oqushylar-zhol-qozgalysy-erezhelerin-uyrenedi-26753563.html
Қазақстандық оқушылар жол қозғалысы ережелерін үйренеді
Қазақстандық оқушылар жол қозғалысы ережелерін үйренеді
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 16 тамыз – Sputnik. Премьер-министр Әлихан Смайылов білім беру бағдарламасына Жол қозғалысы ережелерін үйретуді енгізуді тапсырды, деп хабарлайды... 16.08.2022, Sputnik Қазақстан
2022-08-16T13:29+0500
2022-08-16T13:29+0500
2023-08-09T09:58+0500
жол жүру ережесі
оқушы
https://sputnik.kz/img/07e5/05/15/17114160_1:0:3000:1687_1920x0_80_0_0_f868a68deb894f06980a73ebf2bec1b6.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 16 тамыз – Sputnik. Премьер-министр Әлихан Смайылов білім беру бағдарламасына Жол қозғалысы ережелерін үйретуді енгізуді тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Премьер жаңа оқу жылы қарсаңында үкімет мүшелерінің назарын бірнеше проблемаға аударды. Сондай-ақ ол әкімдіктерге мектептердің бейнебақылау жүйесін ішкі істер органдарының Жедел басқару орталықтарына шығаруды жеделдетуді тапсырды. Мектептерді күзетуге лицензияланған ұйымдарды тарту жөніндегі талаптардың сақталуын қамтамасыз ету қажет екенін атап өтті. Бұдан бөлек, Смайылов көмекке мұқтаж балаларды мемлекеттік қолдау шараларымен 100% қамтамасыз ету қажет екенін мәлімдеді. "Мектеп тауарларын төмен бағамен сату үшін мектеп жәрмеңкелерін және шалғай ауылдарға шығатын автодүкендерді ұйымдастыру қажет", - деді премьер-министр. Ол құзырлы органдарға мектепке қажетті керек-жарақ мен мектеп формасының бағасына қатысты тапсырма берді. Сонымен қатар, өңір әкімдіктеріне мектептерге оқулықтардың қажетті санын жеткізу міндетін жүктеді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/05/15/17114160_376:0:2625:1687_1920x0_80_0_0_e0aaa1fa2369ab2cc47b1b6a44c3a119.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жол жүру ережесі, оқушы
Қазақстандық оқушылар жол қозғалысы ережелерін үйренеді
13:29 16.08.2022 (жаңартылды: 09:58 09.08.2023) НҰР-СҰЛТАН, 16 тамыз – Sputnik. Премьер-министр Әлихан Смайылов білім беру бағдарламасына Жол қозғалысы ережелерін үйретуді енгізуді тапсырды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Премьер жаңа оқу жылы қарсаңында үкімет мүшелерінің назарын бірнеше проблемаға аударды.
"Оқу-ағарту министрлігі ішкі істер министрлігімен бірлесіп, білім беру бағдарламасына Жол қозғалысы ережелерін үйретуді міндетті түрде енгізу және жұмыс істеп жүрген инспекторларды осы жұмысқа тарту мәселесін қарастырсын", - деді Смайылов үкімет отырысында.
Сондай-ақ ол әкімдіктерге мектептердің бейнебақылау жүйесін ішкі істер органдарының Жедел басқару орталықтарына шығаруды жеделдетуді тапсырды.
Мектептерді күзетуге лицензияланған ұйымдарды тарту жөніндегі талаптардың сақталуын қамтамасыз ету қажет екенін атап өтті.
Бұдан бөлек, Смайылов көмекке мұқтаж балаларды мемлекеттік қолдау шараларымен 100% қамтамасыз ету қажет екенін мәлімдеді.
"Мектеп тауарларын төмен бағамен сату үшін мектеп жәрмеңкелерін және шалғай ауылдарға шығатын автодүкендерді ұйымдастыру қажет", - деді премьер-министр.
Ол құзырлы органдарға мектепке қажетті керек-жарақ мен мектеп формасының бағасына қатысты тапсырма берді.
Сонымен қатар, өңір әкімдіктеріне мектептерге оқулықтардың қажетті санын жеткізу міндетін жүктеді.