https://sputnik.kz/20220816/qazaqstandyq-mergender-men-artillerister-arkho-2022-konkursynda-kosh-bastap-tur-26768998.html
Қазақстандық мергендер мен артиллеристер "АрХО-2022" конкурсында көш бастап тұр
Қазақстандық мергендер мен артиллеристер "АрХО-2022" конкурсында көш бастап тұр
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 16 тамыз – Sputnik. Халықаралық Армия ойындары аясындағы жарыстар қарқын алды. Полигондарда әлемнің түрлі елдерінен келген әскери қызметшілер... 16.08.2022, Sputnik Қазақстан
2022-08-16T19:10+0500
2022-08-16T19:10+0500
2022-08-16T19:10+0500
әскери қызметкер
жарыс
https://sputnik.kz/img/07e6/08/10/26765888_0:0:3641:2048_1920x0_80_0_0_8c29dcfd14c1b45b1f5c294c7f794fcf.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 16 тамыз – Sputnik. Халықаралық Армия ойындары аясындағы жарыстар қарқын алды. Полигондарда әлемнің түрлі елдерінен келген әскери қызметшілер өздерінің шеберлігін көрсетіп жатыр, деп хабарлады Қазақстанның Қорғаныс министрлігі.Қарағанды облысының "Спасск" оқу-жаттығу орталығында өтіп жатқан "Тактикалық мерген" байқауының бірінші кезеңінде қазақстандық атқыштар сәтті өнер көрсетті."Біліктілік", "Жаралыларды эвакуациялау" және "Қорғаныс" жаттығуларында еліміздің әскери қызметшілері Өзбекстан мен Қытай командаларын артта қалдырды.Жеке есепте қазақстандық жауынгерлерге тең келер ешкім болмады десе болады. Майор Арман Якубов үздік атанса, екінші орынды лейтенант Руслан Молдабаев, үшінші орынды капитан Дәулет Құлмаханов иеленді.Жамбыл облысының "Гвардейск" полигонында өтіп жатқан "Артиллериядан оқ ату шеберлері" минаатқыш есептоптарының жарысында қазақстандық команда айқын жеңіске жетті.Бірінші кезеңнің жеке жарысында біздің артиллеристер барлық тапсырманы сәтті орындап шықты. Көрсетіш уақыты – 15 минут 53 секунд. Екінші орындағы ресейлік әскери қызметшілердің нәтижесі –18 минут 17 секунд. Үшінші орынды иеленген Беларусь миноаатқыштарының нәтижесі – 22 минут 16 секунд.Түнгі спринтте де 10 минут 33 секунд нәтижесімен Қазақстан үздік атанды. Мәреге екінші болып 14 минут 15 секундпен Әзербайжанның әскери қызметшілері келді. Ресейден келген артиллеристердің көрсеткіші – 16 минут 01 секунд.Жеке жарыс пен түнгі спринтте жарысты командалардың екінші экипаждары жалғастырады.Ақмола облысындағы "Амандық" оқу-жаттығу полигонында "Меридиан" әскери топографтар конкурсына қатысушылар бірінші кезеңнің қорытындысы бойынша атыс қаруынан оқ атты. Бұл сайыста Өзбекстанның әскери қызметшілері көш бастап тұр. Екінші орында – Вьетнам үшінші орында – Қазақстан командалары. Алда кәсіби дайындық кезеңдері. Мұнда біздің әскери қызметшілерге нәтижелерін жақсартуға мүмкіндік бар.Кабардино-Балкарияда өтіп жатқан "Эльбрус шеңбері" сайысында әскери альпинистер жасанды рельефте жеке өрмелеу жаттығуларын орындады. Жаттығу нәтижелері бойынша Қазақстан командасы Ресей, Өзбекстан, Үндістан және Қытай альпинистерінен кейінгі бесінші орынға жайғасты. Алда оларды таудағы ең күрделі және жауапты кезең күтіп тұр. Онда конкурстың жеңімпазы мен жүлдегерлері анықталады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/08/10/26765888_324:0:3055:2048_1920x0_80_0_0_b0e432292a1304ab4e703976997c59d4.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
әскери қызметкер, жарыс
НҰР-СҰЛТАН, 16 тамыз – Sputnik. Халықаралық Армия ойындары аясындағы жарыстар қарқын алды. Полигондарда әлемнің түрлі елдерінен келген әскери қызметшілер өздерінің шеберлігін көрсетіп жатыр, деп хабарлады Қазақстанның Қорғаныс министрлігі.
Қарағанды облысының "Спасск" оқу-жаттығу орталығында өтіп жатқан "Тактикалық мерген" байқауының бірінші кезеңінде қазақстандық атқыштар сәтті өнер көрсетті.
"Біліктілік", "Жаралыларды эвакуациялау" және "Қорғаныс" жаттығуларында еліміздің әскери қызметшілері Өзбекстан мен Қытай командаларын артта қалдырды.
Жеке есепте қазақстандық жауынгерлерге тең келер ешкім болмады десе болады. Майор Арман Якубов үздік атанса, екінші орынды лейтенант Руслан Молдабаев, үшінші орынды капитан Дәулет Құлмаханов иеленді.
Жамбыл облысының "Гвардейск" полигонында өтіп жатқан "Артиллериядан оқ ату шеберлері" минаатқыш есептоптарының жарысында қазақстандық команда айқын жеңіске жетті.
Бірінші кезеңнің жеке жарысында біздің артиллеристер барлық тапсырманы сәтті орындап шықты. Көрсетіш уақыты – 15 минут 53 секунд. Екінші орындағы ресейлік әскери қызметшілердің нәтижесі –18 минут 17 секунд. Үшінші орынды иеленген Беларусь миноаатқыштарының нәтижесі – 22 минут 16 секунд.
Түнгі спринтте де 10 минут 33 секунд нәтижесімен Қазақстан үздік атанды. Мәреге екінші болып 14 минут 15 секундпен Әзербайжанның әскери қызметшілері келді. Ресейден келген артиллеристердің көрсеткіші – 16 минут 01 секунд.
Жеке жарыс пен түнгі спринтте жарысты командалардың екінші экипаждары жалғастырады.
Ақмола облысындағы "Амандық" оқу-жаттығу полигонында "Меридиан" әскери топографтар конкурсына қатысушылар бірінші кезеңнің қорытындысы бойынша атыс қаруынан оқ атты. Бұл сайыста Өзбекстанның әскери қызметшілері көш бастап тұр. Екінші орында – Вьетнам үшінші орында – Қазақстан командалары. Алда кәсіби дайындық кезеңдері. Мұнда біздің әскери қызметшілерге нәтижелерін жақсартуға мүмкіндік бар.
Кабардино-Балкарияда өтіп жатқан "Эльбрус шеңбері" сайысында әскери альпинистер жасанды рельефте жеке өрмелеу жаттығуларын орындады. Жаттығу нәтижелері бойынша Қазақстан командасы Ресей, Өзбекстан, Үндістан және Қытай альпинистерінен кейінгі бесінші орынға жайғасты. Алда оларды таудағы ең күрделі және жауапты кезең күтіп тұр. Онда конкурстың жеңімпазы мен жүлдегерлері анықталады.