Қазақстанда жылдық инфляция 15%-ке дейін өсті

© Sputnik / Абзал КалиевТенге, монеты
Тенге, монеты - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.08.2022
Жазылу
Шілде айында республикада айлық инфляцияның өсу қарқыны баяулағанымен, бұрынғыша жоғары деңгейде қалып отыр
НҰР-СҰЛТАН, 16 тамыз – Sputnik. Қазақстанда жылдық инфляция 15%-ға дейін өсті. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасының орынбасары Ақылжан Баймағамбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Айтуынша, инфляцияңа азық-түлік қымбатшылығы ең көп үлес қосып отыр.
"Шілдеде жылдық инфляция 14,5%-тен 15%-ке дейін өсті. Бұл ретте инфляцияға азық-түлік бағасының өсуі ең көп үлес қосуда. Мысалы, азық-түлік инфляциясы 19,2%-тен 19,7%-ке дейін, азық-түлікке жатпайтын инфляция 13,2-ден 14,2%-ке дейін жеделдеді", - деді Баймағамбетов үкімет отырысында.
Айтуынша, шілдеде айлық инфляцияның өсу қарқыны әлі де болса жоғары, бірақ бір ай бұрынғы 1,6%-тен 1,1%-ке дейін баяулаған. Баға өсуінің баяулауына жеміс-жидек пен көкөністің маусымдық арзандауы әсер еткен.
Ақылы қызметтердің инфляциясы 9,2% деңгейінде өзгеріссіз қалды. "Осылайша, экономикадағы инфляциялық қысым жоғары деңгейде сақталуда", деп атап өтті Баймағамбетов.
Ол Ұлттық банк биыл 25 шілдеде базалық мөлшерлемені 14%-тен 14,5%-ке дейін көтергенін еске салды. Айтуынша, бұл алдағы жылы инфляцияға біртіндеп әсер етеді.
Жаңалықтар
0