Экономика

Қазақстан Ресейдің Еуразия даму банкіндегі үлесін сатып алуы мүмкін

© Photo : Пресс-служба Евразийского банка развитияВывеска у входа в офис Евразийского банка развития
Вывеска у входа в офис Евразийского банка развития  - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.08.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 16 тамыз – Sputnik. Қазақстан Ресейдің Еуразия даму банкіндегі Ресейдің үлесін сатып алуы мүмкін. Қазір бұл мәселе талқыланып жатыр. Бұл туралы қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Мұндай риторика бар, оны жоққа шығармаймыз. Бұл мәселе шынымен жұмыс тәртібінде талқыланып жатыр. Бірақ ақырғы шешім әлі қабылданған жоқ. Өйткені бұл қанша үлес ұсынылатынына және басқа елдер сатып алуға дайын ба, жоқ па, соған байланысты", - деді Жамаубаев үкімет кулуарында.
Министр ЕДБ тұрақты жұмыс істеп тұрғанын, санкциялар банкке қатты әсер етпегенін атап өтті.
Бұған дейін шетелдік БАҚ Қазақстан санкцияларға байланысты Ресейдің Еуразия даму банкіндегі үлесін сатып алу мәселесін қарастырып жатқанын хабарлаған болатын.
Айта кетері, ЕДБ 2006 жылы қаңтарда қол қойылған мемлекетаралық келісім негізінде құрылды. Қазақстан мен Ресей – банктің құрылтайшылары және ірі акционерлері.
Жаңалықтар
0