Путин: Халықаралық құқық нормаларын құрметтеуді қалпына келтіру керек

© Sputnik / Павел Бедняков / Медиабанкке өтуПрезидент РФ В. Путин принял участие в работе ПМЭФ-2022
Президент РФ В. Путин принял участие в работе ПМЭФ-2022 - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.08.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 16 тамыз – Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин Халықаралық қауіпсіздік жөніндегі X Мәскеу конференциясында бүгінде әлемдегі жағдай қарқынды өзгеріп жатқанын айтып, жаһандық саяси және экономикалық мәселелерге тоқталды, деп хабарлайды РИА Новости.
Ресей президенті Владимир Путин әлемдегі жағдай қарқынды өзгеріп, көп ел мен халық егеменді даму жолын таңдап жатқанын айтты.
"Әлемдегі жағдай қарқынды өзгеруде, көпполярлы әлемдік тәртіптің пішіні қалыптасып, көп ел мен халық өздерінің болмысына, дәстүріне, құндылықтарына негізделген еркін, егемен даму жолын таңдап жатыр", - деді Путин Халықаралық қауіпсіздік жөніндегі X Мәскеу конференциясында.
Владимир Путин Ресей Украинада арнайы әскери операцияны БҰҰ жарғысын толығымен сақтай отырып бастағанын айтты.
"Бұл операцияның мақсаттары нақты және айқын. Бұл Ресей азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, Донбасс тұрғындарын геноцидтен қорғау", - деді Путин.
Ол Ресей өзінің қарулы күштерін нығайтатынын, ұлттық мүдделерді қамтамасыз ететінін және одақтастарын қорғап, демократиялық әлем құру үшін басқа да қадамдар жасайтынын мәлімдеді. Путиннің пікірінше, халықаралық құқыққа негізделген көпполярлы әлем ортақ қауіптермен күресу үшін жаңа мүмкіндіктер ашады және барлық мемлекеттің күш-жігері мен әлеуетін біріктірмей, олар қауіптерге тойтарыс беру мүмкін емес.
Сондай-ақ, Мәскеу конференциясында сөйлеген сөзінде Ресей президенті халықаралық құқықтың қағидалары мен нормаларына құрметті қалпына келтіру қажет екенін айтты.
"Біз халықаралық құқыққа, оның негізгі нормалары мен ұстанымдарына қатысты құрметті қалпына келтіруге тиіспіз. Біріккен Ұлттар Ұйымы және басқа да халықаралық диалог алаңдары сияқты барлық елдер мойындаған әмбебап құрылымдардың ұстанымдарын нығайту маңызды. БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі мен Бас Ассамблеясы бастапқыда көзделген халықаралық шиеленісті бәсеңдету мен қақтығыстарды болдырмаудың тиімді құралы болып, сенімді қауіпсіздік пен әл-ауқаттың дамуын қамтамасыз етуге үлес қосуы керек", - деді Путин.
Ресей президенті "бірполярлылық дәуірі өткеннің еншісінде қалып, бүгінде геосаясаттағы өзгерістер басқа жолмен жүріп жатқанын" айтты.
"Қазіргі көпполярлы әлем жүйесін түбегейлі нығайту арқылы ғана әлемдегі шиеленісті азайтуға, әскери-саяси саладағы қауіп-қатер мен тәуекелдерді еңсеруге, елдер арасындағы сенім деңгейін арттыруға және олардың тұрақты дамуын қамтамасыз етуге болатыны анық. Тағы да қайталаймын: бір полярлы әлемдік тәртіп дәуірі өткеннің еншісінде қалды", - деді Путин қауіпсіздік жөніндегі конференцияда.
Ол қазіргі жаһандық тәртіп үлгісін кейбір елдеп сақтауға тырысқанымен, тарихи ауқымдағы геосаяси өзгерістер мүлде басқа бағытта дамып жатқанын атап өтті. Оның пікірінше, көпполярлы әлем ортақ қауіптермен күресудің жаңа мүмкіндіктеріне жол ашады.
"Бұрынғыдай Ресей өзінің одақтастарымен және серіктестерімен бірге халықаралық қауіпсіздіктің қолданыстағы тетіктерін жетілдіру және жаңаларын құру, ұлттық Қарулы Күштерді және басқа да қауіпсіздікті дәйекті түрде нығайту, құрылымдарды заманауи қару-жарақпен және әскери техникамен жабдықтауды арттыру үшін үйлестірілген бірлескен жұмысқа белсенді түрде қатысады. Шынайы халықаралық құқыққа негізделген көпполярлы әлем ортақ қауіптермен күресудің жаңа мүмкіндіктеріне жол ашады", - деді Путин.
Ресей президенті Халықаралық қауіпсіздік жөніндегі X Мәскеу конференциясында Батыс пен Украинаға қатысты бірқатар мәлімдеме жасады. Ол Батыстың Еуропадағы қауіпсіздікті нығайту деп атаған әрекеті құрлыққа орасан зор қауіп төндіріп тұрғанын айтты.
"Ұжымдық Батыс еуропалық қауіпсіздік жүйесін мақсатты түрде бұзып, жаңа әскери альянстар құруын жалғастырып жатыр. НАТО Шығысқа қарай бет алып, өз әскери инфрақұрылымын нығайтып жатыр және зымыранға қарсы қорғаныс жүйелерін орналастыру арқылы шабуылдау күшінің мүмкіндіктерін арттырып жатыр", - деді Владимир Путин.
Сонымен қатар Ресей президенті АҚШ Украинадағы әскери қақтығыстың мейлінше ұзаққа созылғанын көздейтінін айтты. Оның пікірінше, бүгінде өзекті проблемалардан азаматтардың назарын бұрып, бар кінәні Ресей мен Қытайға аударуға әрекеттеніп отыр.
Ресейлік көшбасшы Батыстың Еуропадағы Азия-Тынық мұхиты аймағында НАТО-ға ұқсас блок жүйесін кеңейтуге тырысып жатқанын айтты.
"Сондай-ақ біз ұжымдық Батыстың Еуропадағы НАТО-ға ұқсас блок жүйесін Азия-Тынық мұхиты аймағында да насихаттауға ұмтылып жатқанын көріп отырмыз. Осы мақсатта агрессивті әскери-саяси альянстар құрылып жатыр", - деді Путин халықаралық қауіпсіздік жөніндегі X Мәскеу конференциясында.
Жаңалықтар
0