Өңірлер

Өскеменде жоғалған баланы тапқан полицей марапатталды

© Photo : Пресс-служба департамента полиции Восточно-Казахстанской области Полиция қызметкері және дтабылған бала
Полиция қызметкері және дтабылған бала - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.08.2022
Жазылу
Бала табылған шұңқырдың тереңдігі үш метрді құрады
НҰР-СҰЛТАН, 16 тамыз – Sputnik. Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов кәмелетке толмаған Тамирлан Ахмеджановты іздеуге қатысқандардың еңбегін жоғары бағалап, алғысын білдірді, деп хабарлайды Polisia.kz.
Әр минут санаулы болатын. Бала табылған шұңқырдың тереңдігі үш метрді құрады. Түнгі уақытта температураның төмендігін ескеретін болсақ, оқиға қайғылы аяқталуы мүмкін еді.
Қазіргі уақытта іздеу операциясы аяқталды. Іздеуге 400-ден астам полиция қызметкері жұмылдырылды.ШҚО ПД арнайы жасағының қызметкері Тілек Ерлібековтың қырағылығының арқасында бала аман-сау табылды.

Баланы тапқаны үшін министр Марат Ахметжанов полицейді “Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін” ведомстволық медалімен марапаттады.
Жаңалықтар
0