https://sputnik.kz/20220816/meshit-urlyq-zhasagan-shetel-azamaty-ustaldy--video-26742522.html
Мешітте ұрлық жасаған шетел азаматы ұсталды – видео
Мешітте ұрлық жасаған шетел азаматы ұсталды – видео
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 16 тамыз – Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласында мешітке келген адамдардың жеке заттарын ұрлаған Өзбекстан азаматы ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz. 16.08.2022, Sputnik Қазақстан
2022-08-16T10:28+0500
2022-08-16T10:28+0500
2022-08-16T10:28+0500
қоғам
мешіт
ұрлық
https://sputnik.kz/img/07e6/08/0c/26681188_2:0:3643:2048_1920x0_80_0_0_727e2378d08430d9940d8b2302abaeec.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 16 тамыз – Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласында мешітке келген адамдардың жеке заттарын ұрлаған Өзбекстан азаматы ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz. Шетелдіктің қылмысы бейнебақылау камераларына жазылып қалды. Ол намаз уақытын пайдаланып, сөреде тұрған жеке заттарды және қуат көзіне қосылған ұялы телефондарды ұрлаған. 22 жастағы жігіт бір ай бойы ұрлық жасап жүрген. Қазіргі кезде жас жігіттің алты рет ұрлық жасағаны дәлелденіп отыр. Ол өз кінәсін мойындады. Заттай айғақ ретінде төрт телефон тәркіленді. Өзбекстан азаматы қамауға алынды. Қылмыстық кодекстің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Айта кетері, осы бапта 1 000 айлық есептiк көрсеткiшке (3 180 000 теңгеге) дейiнгi мөлшерде айыппұл салу не сол мөлшерде түзеу жұмыстары немесе 800 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, я болмаса, үш жылға дейiнгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/08/0c/26681188_457:0:3188:2048_1920x0_80_0_0_4c7d6436625100e9cedcfd4764729b6c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мешіт, ұрлық
Мешітте ұрлық жасаған шетел азаматы ұсталды – видео
НҰР-СҰЛТАН, 16 тамыз – Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласында мешітке келген адамдардың жеке заттарын ұрлаған Өзбекстан азаматы ұсталды, деп хабарлайды
Polisia.kz.
Шетелдіктің қылмысы бейнебақылау камераларына жазылып қалды. Ол намаз уақытын пайдаланып, сөреде тұрған жеке заттарды және қуат көзіне қосылған ұялы телефондарды ұрлаған. 22 жастағы жігіт бір ай бойы ұрлық жасап жүрген.
Қазіргі кезде жас жігіттің алты рет ұрлық жасағаны дәлелденіп отыр. Ол өз кінәсін мойындады. Заттай айғақ ретінде төрт телефон тәркіленді. Өзбекстан азаматы қамауға алынды. Қылмыстық кодекстің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.
Айта кетері, осы бапта 1 000 айлық есептiк көрсеткiшке (3 180 000 теңгеге) дейiнгi мөлшерде айыппұл салу не сол мөлшерде түзеу жұмыстары немесе 800 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, я болмаса, үш жылға дейiнгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.