https://sputnik.kz/20220816/inspektor-anshy-sot-ukimi-26735905.html
Инспекторды атқан аңшыға қатысты сот үкімі шықты
Инспекторды атқан аңшыға қатысты сот үкімі шықты
Sputnik Қазақстан
Тергеу материалдарына сәйкес, 44 жастағы Ерлан Серқалиев мылтықты қайта оқтау кезінде абайсызда шүріппені басып қалды 16.08.2022, Sputnik Қазақстан
2022-08-16T09:22+0500
2022-08-16T09:22+0500
2022-08-16T09:25+0500
қоғам
батыс қазақстан облысы
инспектор
сот
https://sputnik.kz/img/283/17/2831712_0:53:1280:773_1920x0_80_0_0_974041005514cf0b20fba383cdfc1341.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 16 тамыз – Sputnik. Батыс Қазақстан облысында аңшылық инспекциясының қызметкерін өлтіру фактісі бойынша сот үкімі шықты, деп хабарлайды "Мой город" порталы.2021 жылы 14 желтоқсанда Теректі ауданындағы Ақжайық ауылынан 15 шақырым шалғай жерде аумақтық инспекциясының бөлім басшысы Серік Мәженовты атып тастаған. Сол күні бастығы инспектордың рейдте жүріп қаза тапқанын мәлімдеді. Алайда полиция Серік Мәженовтың тағы екі адаммен Бұдары қорығына аң аулауға барғанын анықтады. Тергеу материалдарына сәйкес, 44 жастағы Ерлан Серқалиев мылтықты қайта оқтау кезінде абайсызда шүріппені басып қалды. Оқ инспектордың кеудесіне тиген. Серік Мәженов сол жерде көз жұмды. Күдікті Қылмыстық кодекстің 104-бабы (Абайсызда қазаға ұшырату) бабы бойынша жауапқа тартылды. Ал марқұмның туған-туыстары моральдық шығын ретінде 200 миллион теңгені талап етті. Бірақ артынан одан бас тартты. Сотта прокурор бір жыл алты айға бас бостандығынан айыруды сұрады. Бірақ жәбірленуші тарап барынша қатаң жазаны – үш жыл беруді талап етті. Сот үкімімен Серқалиев бір жыл төрт айға бас бостандығынан айырылды. Ол өз жазасын қауіпсіздігі барынша жеңіл мекемеде өтейді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.
батыс қазақстан облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/283/17/2831712_0:0:1280:960_1920x0_80_0_0_03da4e92d0ad1f0f6bc1c5c5ce1d2c7b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
батыс қазақстан облысы, инспектор, сот
батыс қазақстан облысы, инспектор, сот
Инспекторды атқан аңшыға қатысты сот үкімі шықты
09:22 16.08.2022 (жаңартылды: 09:25 16.08.2022) Тергеу материалдарына сәйкес, 44 жастағы Ерлан Серқалиев мылтықты қайта оқтау кезінде абайсызда шүріппені басып қалды
НҰР-СҰЛТАН, 16 тамыз – Sputnik. Батыс Қазақстан облысында аңшылық инспекциясының қызметкерін өлтіру фактісі бойынша сот үкімі шықты, деп хабарлайды "Мой город" порталы.
2021 жылы 14 желтоқсанда Теректі ауданындағы Ақжайық ауылынан 15 шақырым шалғай жерде аумақтық инспекциясының бөлім басшысы Серік Мәженовты атып тастаған. Сол күні бастығы инспектордың рейдте жүріп қаза тапқанын мәлімдеді.
Алайда полиция Серік Мәженовтың тағы екі адаммен Бұдары қорығына аң аулауға барғанын анықтады.
Тергеу материалдарына сәйкес, 44 жастағы Ерлан Серқалиев мылтықты қайта оқтау кезінде абайсызда шүріппені басып қалды. Оқ инспектордың кеудесіне тиген. Серік Мәженов сол жерде көз жұмды.
Күдікті Қылмыстық кодекстің 104-бабы (Абайсызда қазаға ұшырату) бабы бойынша жауапқа тартылды. Ал марқұмның туған-туыстары моральдық шығын ретінде 200 миллион теңгені талап етті. Бірақ артынан одан бас тартты.
Сотта прокурор бір жыл алты айға бас бостандығынан айыруды сұрады. Бірақ жәбірленуші тарап барынша қатаң жазаны – үш жыл беруді талап етті.
Сот үкімімен Серқалиев бір жыл төрт айға бас бостандығынан айырылды. Ол өз жазасын қауіпсіздігі барынша жеңіл мекемеде өтейді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.