https://sputnik.kz/20220816/elektr-energiyasy-shekti-tarif-26759601.html
Вице-министр электр энергиясының шекті тарифі қаншаға өсетінін айтты
Вице-министр электр энергиясының шекті тарифі қаншаға өсетінін айтты
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 16 тамыз – Sputnik. Қазақстанда электр энергиясын өндірудің шекті тарифі қайта қаралды. Бұл туралы энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов... 16.08.2022, Sputnik Қазақстан
2022-08-16T15:28+0500
2022-08-16T15:28+0500
2022-08-16T15:30+0500
электр энергиясы
https://sputnik.kz/img/07e5/0c/09/18866337_0:160:3073:1888_1920x0_80_0_0_2f79c1d248d35edfbf1d6002bef59059.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 16 тамыз – Sputnik. Қазақстанда электр энергиясын өндірудің шекті тарифі қайта қаралды. Бұл туралы энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан министрліктің ресми сайтына сілтеме жасап.Ресми мәліметке сәйкес, Қазақстанда энергия өндіруші ұйымдардың шекті тарифі орташа 10-12% (9,9%) өседі деген болжам бар. Вице-министр Жандос Нұрмағанбетовтың айтуынша, қазіргі шекті тарифтер энергия өндіруші ұйымдардың барлық шығынын өтеп жатқан жоқ.Оның сөзіне қарағанда, сәуір айында 47 энергия өндіруші ұйымның 26-сынан шекті тарифтерді көтеруге өтінім түскен. Министрлік әрбір жағдай бойынша жеке тәсіл қолданды. Уақтылы шешімді талап ететін өтінімдер назарға алынды. Осылайша, 30 маусымда энергетика министрінің арнайы бұйрығы шықты. Осы құжат 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді."Бұл ретте, Қазақстанның біртұтас электр энергетикалық жүйесінің батыс аймағынан басқа Қазақстанның барлық өңірі бойынша электр энергиясын өткізетін Екібастұз ГРЭС-1-дің шекті тарифі өзгеріссіз қалды. 47 энергия өндіруші ұйымның 21-сі бойынша тариф бұрынғы деңгейде сақталды", - деп атап өтті вице-министр.Шекті тарифтерді қайта қарау энергия өндіру саласында шамамен 30 мың жұмыс орнын сақтауға мүмкіндік береді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0c/09/18866337_170:0:2901:2048_1920x0_80_0_0_fd9bb214e4bf92b20c98eb7c478cf7fe.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
электр энергиясы
Вице-министр электр энергиясының шекті тарифі қаншаға өсетінін айтты
15:28 16.08.2022 (жаңартылды: 15:30 16.08.2022) НҰР-СҰЛТАН, 16 тамыз – Sputnik. Қазақстанда электр энергиясын өндірудің шекті тарифі қайта қаралды. Бұл туралы энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан министрліктің ресми сайтына сілтеме жасап.
Ресми мәліметке сәйкес, Қазақстанда энергия өндіруші ұйымдардың шекті тарифі орташа 10-12% (9,9%) өседі деген болжам бар. Вице-министр Жандос Нұрмағанбетовтың айтуынша, қазіргі шекті тарифтер энергия өндіруші ұйымдардың барлық шығынын өтеп жатқан жоқ.
"Шекті тариф жобасы мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында тиісті өңірлер бойынша станция қызметкерлерінің жалақы деңгейін орташа деңгейге дейін жеткізуді де көздейді", - дейді Нұрмағанбетов.
Оның сөзіне қарағанда, сәуір айында 47 энергия өндіруші ұйымның 26-сынан шекті тарифтерді көтеруге өтінім түскен. Министрлік әрбір жағдай бойынша жеке тәсіл қолданды. Уақтылы шешімді талап ететін өтінімдер назарға алынды. Осылайша, 30 маусымда энергетика министрінің арнайы бұйрығы шықты. Осы құжат 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді.
"Бұл ретте, Қазақстанның біртұтас электр энергетикалық жүйесінің батыс аймағынан басқа Қазақстанның барлық өңірі бойынша электр энергиясын өткізетін Екібастұз ГРЭС-1-дің шекті тарифі өзгеріссіз қалды. 47 энергия өндіруші ұйымның 21-сі бойынша тариф бұрынғы деңгейде сақталды", - деп атап өтті вице-министр.
Шекті тарифтерді қайта қарау энергия өндіру саласында шамамен 30 мың жұмыс орнын сақтауға мүмкіндік береді.