Екібастұз қаласының әкімі тағайындалды

© SputnikПортфель
Портфель - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.08.2022
Жазылу
Аян Бейсекин бұған дейін Павлодар облысының Ертіс ауданын басқарды
НҰР-СҰЛТАН, 16 тамыз – Sputnik. Аян Бейсекин Екібастұз қаласының әкімі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыс әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
35 жастағы Аян Бейсекин "Болашақ" бағдарламасының түлегі, президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі болған.
2008 жылы Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ мемлекеттік жергілікті басқару мамандығы бойынша тәмамдап, 2013 жылы М.В. Ломоносов атындағы ММУ мемлекеттік әкімгерлік магистрі атағына ие болды.
Павлодар облысының тумасы Аян Бейсекин өзі туып өскен Ертіс ауданын 2019 жылдан бері басқарған. Оған дейін Павлодар қаласы және Железин ауданында әкім орынбасары болды. Ал 2015 жылдан 2017 жылға дейін Бейсекин Алматы кәсіпкерлік және индустриялды-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарған. Бұдан бөлек, Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі, мемлекеттік қызмет жөніндегі агенттік пен жекеменшік секторда жұмыс істеген.
Айта кетері, Екібастұз қаласының бұрынғы әкімі Ардақ Қаңтарбаев орынбасары Бауыржан Ахметов сотталғаннан кейін отставкаға өтініш берген. 8 тамызда облыс басшысы оны лауазымынан босатты.
Жаңалықтар
0