Білім

Аймағамбетов баласына мектеп формасын қанша теңгеге сатып алғанын айтты

© Sputnik / Абзал КалиевШкольная форма в Казахстане
Школьная форма в Казахстане - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.08.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 16 тамыз – Sputnik. Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов мектеп формасын қанша ақша жұмсағанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Үкімет кулуарында журналистер министрден балаларына мектеп формасын қанша теңгеге сатып алғанын сұрады.
Аймағамбетов мектепке баратын бір баласы бар екенін айтты.
"Осы демалыста баламды ертіп, дүкенге бардым. Дүкеннен бірнеше ақ жейде, шалбар, костюм, галстук алдық. Бағасына келсек, 35 мың теңгедей ақша кетті. Шалбарын, костюмін, көйлегін алдым", - деп жауап берді министр.
Ол барлық отбасы секілді мектепке дайындықты бастап кеткенін атап өтті.
Жаңалықтар
0