Жүзім тиелген алты жүк көлігі Өзбекстаннан Қазақстанға заңсыз өтпек болған

© Sputnik / Тимур БатыршинЖүзім
Жүзім - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.08.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 15 тамыз – Sputnik. Түркістан облысындағы "Қапланбек" кеден бекетінде 90 тоннадан астам жүзім контрабандасына тосқауыл қойылды. Жеміс 6 көлікке тиелген. Декларацияланбаған тауар Ахуалдық орталық белгілеген кедендік тексерулер барысында анықталды, деп хабарлайды қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитеті.
"Жалпы, жыл басынан бері Түркістан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері жүргізген тексеріс нәтижесінде кеден заңнамасын бұзудың 879 фактісі анықталып, декларацияланбаған тауардың жалпы салмағы 823 тоннаны құрады", - деді мемлекеттік кірістер комитетіндегілер.
Негізінен кедендік төлемдерден жалтару үшін импорттаушылар декларацияда әлдеқайда арзан тауарды көрсететіні анықталған.
Заң бұзушылықтар бойынша сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар жауапкершілікке тартылды.
Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, Ахуалдық орталықтың қызметіне мемлекеттік шекарадағы процестерді толық бақылау және талдау, кедендік тексерулерді бақылау, инспекциялық-тексеру кешенінің рентген суреттерін талдау кіреді. Биыл мемлекеттік кірістер комитеті жазғы маусымға импорттық әлеуетті дамыту және арттыру мақсатында жеміс-көкөніс өнімдерін импорттаушыларға белгіленген тексерулер санын қысқартты. Бұл ретте мұндай тауарларды кедендік бақылаудан өткізу уақыты жедел түрде қарастырылады.
"Осылайша, көлікке тез бұзылатын тауарлар тиелсе, кедендік тексеру кезінде жүктерді ішінара түсіру көліктің жүк бөлігінің бүкіл ұзындығы бойынша дәліз әдісі бойынша жүргізіледі. Мұндай тауарлар үшін кедендік тексеру жүргізу уақыты 40 минуттан аспайды", - деп нақтылады мемлекеттік кірістер комитетіндегілер.
Алайда берілген жеңілдіктерді пайдалана отырып, кейбір сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар заңсыз әрекетке барып отыр. Мемлекеттік кірістер комитеті кедендік заңнаманы сақтауға және декларациялау кезінде ел ауммағына әкелінетін тауарларды дұрыс декларациялауға шақырды.
Жаңалықтар
0