https://sputnik.kz/20220815/toqaev-yadrolyq-meditsina-ortalygy-26720698.html
Тоқаев Ядролық медицина орталығын аралады
Тоқаев Ядролық медицина орталығын аралады
Sputnik Қазақстан
Орталық диагнозын қою қиын қатерлі ісік ауруларын ерте кезеңде анықтауға мүмкіндік береді 15.08.2022, Sputnik Қазақстан
2022-08-15T15:07+0500
2022-08-15T15:07+0500
2022-08-15T15:07+0500
денсаулық
қасым-жомарт тоқаев
https://sputnik.kz/img/07e6/08/0f/26719701_0:0:3241:1824_1920x0_80_0_0_ebc4817f7428e4af105ec48fc87b618a.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 15 тамыз – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР президентінің Іс басқармасы Медициналық oрталығының ауруханасына барып, жаңа нысандары – Ядролық медицина орталығы мен емдік-диагностикалық блокпен танысты, деп хабарлайды Ақорда.Президентке алдымен қыркүйек айында ашылатын Ядролық медицина орталығының диагностика блогы таныстырылды. Ядролық медицина орталығы іске қосылған кезде диагнозын қою қиын қатерлі ісік ауруларын, сондай-ақ кардиология және неврология ауруларын ерте кезеңінде анықтайды. Заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілген жаңа орталықтың қызметі – емделуге жолдама берілген әрбір қазақстандыққа ортақ.Бұл орталықтың ерекшелігі – қазіргі кезде әлемдік медицина индустриясында қолжетімді позитронды эмиссиялық компьютер томографиясы. Сканерлеу жылдамдығы жоғары бұл аппарат диагноз қою сапасын арттырады. ПЭТ/КТ зерттеуінен өтетін пациенттердің санын жылына 3 мыңнан 7 мыңға дейін арттырады. Мамандардың айтуынша, қазіргі уақытта бұл аппараттың Орталық Азия мен ТМД елдерінде баламасы жоқ.Қасым-Жомарт Тоқаевқа циклотронды-өндірістік кешен мен диагностикалық блоктан тұратын бірегей Ядролық медицина орталығының басқа да мүмкіндіктері туралы баяндалды. Атап айтқанда, циклотронды кешен арқылы 9 радиофармпрепарат өндірісіне жол ашылмақ. Қазақстанда бұл препараттардың сегізі бұрын өндірілмеген.Сонымен қатар мемлекет басшысы жаңа емдеу-диагностикалық блокты аралап көрді. Бұл жерде күрделі ауруларға шалдыққан науқастарды емдеу мен оңалтудың тәсілдері арқылы 7 терапиялық бөлімше жұмыс істейді.Президент дәрігерлермен және ғалымдармен пікірлесіп, Ядролық медицина орталығының қызметі бүкіл еліміз үшін айтулы оқиға болатынын атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев орталық қызметі азаматтардың денсаулығын жақсартуға және қазақстандықтар үшін заманауи медициналық технологиялардың қолжетімділігін арттыруға қызмет ететініне сенетінін жеткізді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/08/0f/26719701_83:0:2814:2048_1920x0_80_0_0_d2e2be2a500e83b67bbcbb90334d96e5.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев
Тоқаев Ядролық медицина орталығын аралады
Орталық диагнозын қою қиын қатерлі ісік ауруларын ерте кезеңде анықтауға мүмкіндік береді
НҰР-СҰЛТАН, 15 тамыз – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР президентінің Іс басқармасы Медициналық oрталығының ауруханасына барып, жаңа нысандары – Ядролық медицина орталығы мен емдік-диагностикалық блокпен танысты, деп хабарлайды
Ақорда. Президентке алдымен қыркүйек айында ашылатын Ядролық медицина орталығының диагностика блогы таныстырылды. Ядролық медицина орталығы іске қосылған кезде диагнозын қою қиын қатерлі ісік ауруларын, сондай-ақ кардиология және неврология ауруларын ерте кезеңінде анықтайды. Заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілген жаңа орталықтың қызметі – емделуге жолдама берілген әрбір қазақстандыққа ортақ.
Бұл орталықтың ерекшелігі – қазіргі кезде әлемдік медицина индустриясында қолжетімді позитронды эмиссиялық компьютер томографиясы. Сканерлеу жылдамдығы жоғары бұл аппарат диагноз қою сапасын арттырады. ПЭТ/КТ зерттеуінен өтетін пациенттердің санын жылына 3 мыңнан 7 мыңға дейін арттырады. Мамандардың айтуынша, қазіргі уақытта бұл аппараттың Орталық Азия мен ТМД елдерінде баламасы жоқ.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа циклотронды-өндірістік кешен мен диагностикалық блоктан тұратын бірегей Ядролық медицина орталығының басқа да мүмкіндіктері туралы баяндалды. Атап айтқанда, циклотронды кешен арқылы 9 радиофармпрепарат өндірісіне жол ашылмақ. Қазақстанда бұл препараттардың сегізі бұрын өндірілмеген.
Сонымен қатар мемлекет басшысы жаңа емдеу-диагностикалық блокты аралап көрді. Бұл жерде күрделі ауруларға шалдыққан науқастарды емдеу мен оңалтудың тәсілдері арқылы 7 терапиялық бөлімше жұмыс істейді.
Президент дәрігерлермен және ғалымдармен пікірлесіп, Ядролық медицина орталығының қызметі бүкіл еліміз үшін айтулы оқиға болатынын атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев орталық қызметі азаматтардың денсаулығын жақсартуға және қазақстандықтар үшін заманауи медициналық технологиялардың қолжетімділігін арттыруға қызмет ететініне сенетінін жеткізді.