Ресейліктер арасында Қазақстанға ұшуға сұраныс 95%-ға өсті

© AP Photo / Michael ProbstАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.08.2022
Жазылу
Бұл туралы билет саудасы жөніндегі сервистің зерттеуінде айтылған
НҰР-СҰЛТАН, 15 тамыз – Sputnik. Ресей азаматтары арасында биылғы жазда Қазақстанға ұшатын әуе рейстеріне сұраныс өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 95%-ке өсті.
Aviasales.kz әуе билеттерін іздеу сервисінің зерттеуінде Қазақстанға туристер ағыны екі есеге өскені айтылған.
"Қазақстанға негізінен Ресей, Түркия, Германия, Беларусь, Өзбекстан және Чехиядан адамдар келді. Aviasales.kz аналитиктерінің мәліметінше, өткен жылдың жазымен салыстырғанда ресейліктер арасында Қазақстанға ұшатын әуе көліктерінің билеттеріне сұраныс 95%-ке артқан. Ал бұл сұраныс немістер арасында – 85%-ке, түріктерде – 43%-ке ұлғайған. Беларусь пен Чехияда сұраныс сәйкесінше 60% және 16%-ке өсті. Ал көрші Өзбекстанда Қазақстанға ұшатын рецстерге сұраныс 25%-ке төмендеді", – деп жазылған дүйсенбіде жарияланған зерттеуде.
Билет бағасы да өзгерген.
2022 жылдың жазында Ресейден Қазақстанға келетін ұшақ билеттінің орташа құны 160 457 теңге болды, өткен жылы дәл осы уақытта баға 32%-ке арзан болды.
Республикаға басқа елдерден келетін ұшақтардың да бағасы өсті. Германиядан Қазақстанға қатынайтын ұшақтардың билеті 61%-ке қымбаттап, қазір орта есеппен 258 756 теңге болды, ал Түркиядан ұшу құны небәрі 8%-ке қымбаттап, қазір орташа бағасы 122 391 теңгені құрап отыр.
Өзбекстаннан келетін рейстердің билеті керісінше 38%-ке арзандап, орта есеппен 66 495 теңге болды.
Ресейліктер биыл іздеу бойынша да, броньдау саны бойынша да рейтингте бірінші орында тұр. Қазақстанға ұшатын әуе билетін іздейтін ресейлік қалалардың қатарында Мәскеу, Санкт-Петербург және Новосибирск бар.
Ал немістер билеттерді негізінен Франкфурттен іздесе, түріктер, чехтер, беларусьтер Қазақстанға ұшатын ұшаққа билетті өз астаналарынан іздейді.
Жаңалықтар
0