Ресей Латын Америкасы, Азия, Африка елдерімен достық қарым-қатынасын қадір тұтады – Путин

© Sputnik / Павел Бедняков / Медиабанкке өтуВладимир Путин
Владимир Путин  - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.08.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 15 тамыз – Sputnik. Ресей Латын Америкасы, Азия және Африка мемлекеттерімен достық қарым-қатынасын шын қадірлейді және өзінің одақтастары мен серіктестеріне қарудың ең заманауи түрлерін ұсынуға дайын, деді Ресей президенті Владимир Путин.
"Ресей Латын Америкасы, Азия және Африка мемлекеттерімен тарихи берік, достық, шынайы сенімді байланысын шын қадірлейді. Ол өзінің одақтастары мен серіктестеріне атыс қаруынан бастап бронетехника мен артиллерия, әскери авиация мен ұшқышсыз ұшу аппараттарына дейін қарудың ең заманауи түрлерін ұсынуға дайын", - деді Путин "Армия-2022" форумында.
Ресей президенті бүкіл әлемде бұл қару түрлері сенімділігі, сапасы және жоғары тиімділігі үшін бағаланатынын атап өтті.
"Олардың барлығы әскери іс-қимылдар кезінде бір емес, бірнеше рет қолданылған", - деді ол.
Путин ресейлік қару жасаушыларға қару-жарақпен жабдықтағаны үшін алғыс айтты.
Жаңалықтар
0