Спорт

Қазақстандық жүзушілер Исламиадада екі алтын медаль жеңіп алды

© Photo : olympic.kzПлавание, архивное фото
Плавание, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.08.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 15 тамыз – Sputnik. Түркияда өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында Қазақстан құрамасының жүзушілері Әділбек Мусин мен София Әбубуәкірова алтын жүлде иеленді.
Олар сәйкесінше 100 және 50 метрге жекелей жүзуде жеңіске жетті. Олар батерфляй стилінде өнер көрсетті, деп хабарлайды vesti.kz .

"Әділбек көрсеткен "алтын уақыт" – 53,20 секунд, екінші орында түркиялық Үміт Жан Гюрес (53,45), өзбекстандық жүзуші Эльдорбек Усмонов (53,79) үздік үштікті тұйықтап тұр", – делінген хабарламада.

Әбубәкірова өз кезегінде 27,17 секунд көрсеткішпен бас жүлдені жеңіп алды. Әзербайжаннан келген спортшы Мариям Шейхализадешагшах (27,25) екінші және түркиялық Алина Озкан (27.42) үшінші болып мәреге жетті.
Тағы бір қазақстандық спортшы Данэлия Дю финалға жолдама алғанымен, 28,34 секунд көрсеткішімен мәре сызығына бесінші болып жетті.
Сондай-ақ 1.03:36 нәтижесімен қазақстандық Ксения Игнатова арқамен жүзу жарысында қола жүлдегер атанды.
Жаңалықтар
0