https://sputnik.kz/20220815/qazaqstandyq-mugalimder-biliktilikti-arttyru-kursy-26716727.html
Мұғалімдер үш жылда бір рет біліктілікті арттыру курсынан өтеді
Мұғалімдер үш жылда бір рет біліктілікті арттыру курсынан өтеді
Sputnik Қазақстан
Ал аттестация мерзімі өзгермейді 15.08.2022, Sputnik Қазақстан
2022-08-15T13:29+0500
2022-08-15T13:29+0500
2023-08-09T12:17+0500
білім
мұғалім
білім және ғылым министрлігі
https://sputnik.kz/img/07e5/09/0a/18103362_0:159:3079:1890_1920x0_80_0_0_4a289676e4ec20d8e1424aabd8320cb5.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 15 тамыз – Sputnik. Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов тамыз конференциясы аясындағы панельдік сессияның отырысында біліктілікті арттыру курстары мен аттестация қалай өтетінін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Министр мұғалімдер енді біліктілікті арттыру курстарынан үш жылда бір рет өтетінін атап өтті. Ал аттестация мерзімі өзгермейді. Ведомство басшысы курстан өткені туралы сертификатты барлығы бірдей алмайтынын айтты. Ең алдымен, мұғалім курстың алдында тиісті диагностикадан өтеді. Курс аяқталғаннан кейін курстың бағдарламасы бойынша тиісті емтихан өткізіледі. Сол емтиханды сәтті тапсырғандар ғана сертификат алады. "Тағы бір өте маңызды мәселе – курстан кейінгі қолдау мәселесі. Мұның алдында "Өрлеу" курс өткізіп, содан кейін мұғалімдер өз бетінше қалатын. Бұл дұрыс емес. Курс өткіздің бе, ол сенің жауапкершілігің. Келесі үш жыл осы мұғаліммен жұмыс жүргізу керек. Күнделікті байланыста болуы қажет. Қазір біз осы мәселені ұйымдастырып жатырмыз", - деді министр. Бұдан бөлек, Аймағамбетов сертификаттар электронды QR-кодтар арқылы берілетінін айтты. Содан кейін толық база әзірленеді. Бұл базадан кімнің курстан өтіп-өтпегенін тексеруге болады. Министрдің айтуынша, келесі жылы мұғалімдерді барынша көбірек қамту үшін курстардың саны бірнеше есе артады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/09/0a/18103362_173:0:2904:2048_1920x0_80_0_0_cc18d9114b88467ea69e6778da814672.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мұғалім, білім және ғылым министрлігі
мұғалім, білім және ғылым министрлігі
Мұғалімдер үш жылда бір рет біліктілікті арттыру курсынан өтеді
13:29 15.08.2022 (жаңартылды: 12:17 09.08.2023) Ал аттестация мерзімі өзгермейді
НҰР-СҰЛТАН, 15 тамыз – Sputnik. Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов тамыз конференциясы аясындағы панельдік сессияның отырысында біліктілікті арттыру курстары мен аттестация қалай өтетінін айтты, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Министр мұғалімдер енді біліктілікті арттыру курстарынан үш жылда бір рет өтетінін атап өтті. Ал аттестация мерзімі өзгермейді.
"Үш жылда бір рет курстан өту деген – бұл негізі жағымды жаңалық. Өйткені біз әрқашанда өзіміздің кәсіби біліктілігімізді дамытып отыруымыз керек. Ол ақысыз, мемлекет тарапынан барлығымызға бірдей мүмкін болса, әрине, педагогтер оған қуануы керек. Бірақ аттестация сол күйінде, бес жылда бір рет болып қала береді. Оның бір-біріне еш қатысы жоқ", - деп мәлімдеді Аймағамбетов.
Ведомство басшысы курстан өткені туралы сертификатты барлығы бірдей алмайтынын айтты.
Ең алдымен, мұғалім курстың алдында тиісті диагностикадан өтеді. Курс аяқталғаннан кейін курстың бағдарламасы бойынша тиісті емтихан өткізіледі. Сол емтиханды сәтті тапсырғандар ғана сертификат алады.
"Тағы бір өте маңызды мәселе – курстан кейінгі қолдау мәселесі. Мұның алдында "Өрлеу" курс өткізіп, содан кейін мұғалімдер өз бетінше қалатын. Бұл дұрыс емес. Курс өткіздің бе, ол сенің жауапкершілігің. Келесі үш жыл осы мұғаліммен жұмыс жүргізу керек. Күнделікті байланыста болуы қажет. Қазір біз осы мәселені ұйымдастырып жатырмыз", - деді министр.
Бұдан бөлек, Аймағамбетов сертификаттар электронды QR-кодтар арқылы берілетінін айтты. Содан кейін толық база әзірленеді. Бұл базадан кімнің курстан өтіп-өтпегенін тексеруге болады.
Министрдің айтуынша, келесі жылы мұғалімдерді барынша көбірек қамту үшін курстардың саны бірнеше есе артады.