Қоғам

Қазақстанда орташа зейнетақы қанша

© Sputnik / Абзал КалиевАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.08.2022
Жазылу
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн теңгеден астам зейнетақы төленді
НҰР-СҰЛТАН, 15 тамыз – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі еліміздегі орташа зейнетақының мөлшерін атады.
Ведомство мәліметінше, қазіргі таңда Қазақстанда 2 млн 247 мың зейнеткер бар.

"2022 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері (базалық зейнетақыны ескергенде) 109 156 теңге болды",- делінген хабарламада.

Осы жылдың 7 айында қазақстандықтарға 1,7 трлн теңгеден астам зейнетақы төленді. Шілде айында республикалық бюджеттен зейнетақы төлемдеріне 243,3 млрд теңге, оның ішінде базалық зейнетақыға – 73,9 млрд теңге, ынтымақты зейнетақыға 169,4 млрд теңге бөлінді.
Еске салсақ, 2018 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі зейнетақы жүйесіндегі өтілін ескере отырып, әр зейнеткерге жеке тағайындалады.
Бұл ретте 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ынтымақты жүйеде жұмыс істеген уақыты, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналары төленген кезеңдер зейнетақы жүйесіндегі еңбек өтіліне қосылады.
Егер азаматтың зейнетақы жүйесіндегі өтілі 10 жыл немесе одан аз болса, сондай-ақ мүлде жоқ болса, базалық зейнетақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54%-ін құрайды, содан кейін 10 жылдан асқан әр жыл үшін оның мөлшері 2%-ке артады.
Мысалы, егер сіздің өтіліңіз 20 жыл болса, базалық зейнетақы төменгі күнкөріс деңгейінің 74%-ін, ал 30 жыл болса, 94%-ін құрайды. Еңбек өтілі 33 жыл немесе одан көп болса, күнкөріс деңгейінің ең жоғарғы мөлшерінде белгіленеді.
Теңге, монета - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.06.2022
Жеткілікті шек болмайды: зейнетақы жинағын жеке компанияға аударуға рұқсат берілуі мүмкін
Егер бір ай ішінде міндетті зейнетақы жарналары Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына бірнеше рет аударылса, жинақтаушы жүйеге қатысу мерзімі бір айды құрайды. Осылайша міндетті зейнетақы жарналары неғұрлым тұрақты және толық көлемде аударылса, зейнет жасына жеткенде базалық зейнетақының мөлшері соғұрлым көп болады.
Азаматтың жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшері 1998 жылғы 1 қаңтардағы жұмыс өтіліне (кем дегенде 6 ай қажет) және зейнеткерлікке дейінгі кезеңдегі орташа айлық табысына байланысты болады.
Жаңалықтар
0