Өңірлер

Қала орталығындағы көрініс қостанайлықтардың зәресін ұшырды – видео

© AFP 2024 / NOEL CELISАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.08.2022
Жазылу
Жүргізуші көліктің нөмірін алып тастап, оқиға орнынан қашып кеткен
НҰР-СҰЛТАН, 15 тамыз – Sputnik. Қостанайда автокөлік жүргізушісі қала орталығындағы демалыс аймағының быт-шытын шығарып, артынша ізін жасырды.
Бүгін, 15 тамыз таңертең "102" пультіне "Март" сауда ойын-сауық орталығының күзетшісінен хабар түсті. Айтуынша, қала орталығында белгісіз жүргізуші жол апатын жасаған.
"Мерседес" жүргізушісі демалыс аймағындағы орындықтар мен жарық бағандарын қиратып, урналарды құлатқан. Содан кейін көліктің мемлекеттік нөмірін шешіп, оқиға орнынан ізін жасырған, деп хабарлайды alau.kz.
Қазіргі таңда жүргізуші ұсталды.
Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 610-бабы 1-тармағы "Адамдардың денсаулығына зиян келтiруге, көлiктің немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне алып келген, көлiк жүргiзушiлерінiң жол ережесін бұзуы" және 611-бабы 2-тармағы "Жүргізушінің жол-көлік оқиғасына байланысты міндеттерді орындамауы" бойынша әкімшілік өндіріс қозғалды.
Жүргізушінің жол апаты кезінде мас болып-болмағанын анықтау үшін сараптама тағайындалды.
Жаңалықтар
0