Путин "Армия-2022" форумында не айтты

© Sputnik / Павел Бедняков / Медиабанкке өтуВладимир Путин
Владимир Путин  - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.08.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 15 тамыз – Sputnik. Кеше Мәскеу түбіндегі Кубинкада "Армия-2022" халықаралық әскери-техникалық форумы басталды. Форумның ашылуына Ресей президенті Владимир Путин қатысып, елдің әскери әлеуетіне қатысты мәлімдеме жасады.
РФ президенті форумдағы сөзін Ресейдің технологиялық және индустриялық дамуын маңызды рөл атқаратын заманауи қару-жарақпен қамтамасыз еткені үшін ресейлік қару-жарақ дайындаушыларға алғыс айтудан бастады.
Ол биылғы форум аясында 1500-ге жуық ресейлік қорғаныс өнеркәсіптік кешені әскери және қосарлы мақсаттағы 28 мыңнан астам заманауи әскери техника үлгілерін таныстыратынын атап өтті. Ол ресейлік арнайы әскери операция барысында тоқталып өтті.
"Бүгінде арнайы әскери операция барысында біздің жауынгерлер Донбасс сарбаздарымен бірге Ресей үшін, Донецк және Луганск Халық Республикаларындағы бейбіт өмір үшін соғысып, өз борышын абыроймен атқарып жатыр. Олар барлық жүктелген тапсырмаларды нақты орындап, Донбасс жерін кезең-кезеңімен азат етіп жатыр", - деді Владимир Путин.
РФ көшбасшысы Ресей әскери-техникалық ынтымақтастықты барынша жан-жақты дамытуды жақтайтынын атап өтті. Ол бүгінде тұрақты дамып келе жатқан көпполярлы әлем жағдайында бұл ерекше маңызды екенін баса айтты.
"Кең әскери-техникалық ынтымақтастықты дамыта отырып, күш-жігеріміз бен әлеуетімізді біріктіре отырып, біз елдеріміздің және жалпы әлемнің сенімді қауіпсіздігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ете аламыз", - деді Путин.
Владимир Путин қазір бүкіл әлемге үстемдік етуге талпынған елдердің айтқанына көнбей, өз бағытына басымдық беріп, ұлттық мүдделер мен әлем ынтымақтастығын бірінші орынға қоятын мемлекеттерді Ресей жоғары бағалайтынын айтты.
Ресей қару-жарақ пен техниканың жаңа үлгілерін жасау, тең шарттарда жұмыс істеу үшін ынтымақтастық байланыстарын дамытуға дайын, деп мәлімдеді РФ президенті Владимир Путин.
"Біз қару-жарақ пен техниканың жаңа үлгілерін жасау, әділ және тең шарттарда бірлесіп жұмыс істеу үшін ынтымақтастық байланыстарын белсенді түрде дамытуға ниеттіміз. Біздің еліміздің ҰҚШҰ мен ШЫҰ шеңберіндегі табысты технологиялық ынтымақтастықтың бай тәжірибесі бар", - деді Ресей президенті "Армия-2022" форумының ашылуында.
Сондай-ақ Владимир Путин Ресей басқа елдермен бірлескен әскери оқу-жаттығулар өткізуге қызығушылық танытып отырғанын айтып, әлемдік серіктестерді "Армия-2022" форумына қатысуға шақырды.
Ресей президенті Екінші дүниежүзілік соғыс тарихын бұрмалау әрекеттерінің, неонацизм, русофобия және нәсілшілдік белгілерінің жолын кесу қажеттілігі туралы айтты.
"ХХ ғасырда нацизмнің салдарынан адамзаттың қандай зұлматты бастан кешіргенін ұмытуға болмайды. Сондықтан тарихты бұрмалау әрекеттеріне қатысты қатал шара қолдану, неонацизмнің, русофобияның және нәсілшілдіктің кез келген түрінің таралуына қарсы тұру Екінші дүниежүзілік соғыстың миллиондаған құрбандарына көрсеткен құрмет болар еді", - деді ол "Армия-2022" форумында.
Ол Ресей қаруының көптеген үлгісі шетелдік серіктестердің техникасынан ондаған жылға озып кеткенін айтты.
"Бұл дәлдігі жоғары қару-жарақ пен робототехника, жаңа физикалық принциптерге негізделген жауынгерлік жүйелерге қатысты болып отыр. Олардың көбі шетелдік балама үлгілерден тіпті ондаған жыл алда келе жатыр", - деді ресейлік көшбасшы.
Оның айтуынша, әр елдің қарулы күштерінің болашағын дәл осы бағыттар айқындайтын болады.
Путин сондай-ақ Ресейдің Латын Америкасы, Азия және Африка мемлекеттерімен берік және достық байланыстарын жоғары бағалайтынын және одақтастарға қарудың ең заманауи түрлерін ұсынуға дайын екенін атап өтті. Ол ресейлік қару-жарақ сенімділігін, сапасы мен жоғары тиімділігін шынайы әскери іс-қимыл барысында дәлелдеп, кәсіби мамандардың оң бағасын алғанын айтты.
Ол Ресей халқы өзінің армиясы мен флотын мақтан тұтатынын, себебі бұл әскер Ресейдің егемендігі мен қауіпсіздігін сенімді қорғап жатқанын айтты.
"Халқымыз өз армиясы мен флотын, Отан қорғаушылардың кәсібилігі мен батылдығын мақтан етеді. Олар қай заманда да өз Отанының егемендігі мен қауіпсіздігін сенімді қорғап, басқа халықтың бостандыққа қол жеткізуіне атсалысты", - деді Путин "Армия-2022" форумында.
Форум дәл осы уақытта Ресейдің 30-дан астам аймағында өтті. "Армия-2022" аясында 70 елден келген делегацияның қатысуымен жүздеген түрлі іс-шара жоспарланған. Форумда қару-жарақтың, әскери және арнайы техниканың ең озық үлгілері, жасанды интеллект, электронды және ақпараттық технологиялар саласындағы әзірлемелер таныстырылып отыр.
Жаңалықтар
0