Оқиға

Нұр-Сұлтан тұрғыны вокзал маңында жас жігітті ұрып-соғып, тонап кетті – видео

© Sputnik / Табылды КадырбековАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.08.2022
Жазылу
Күдікті жәбірленушіден тартып алған ұялы телефонды вокзал маңынан өтіп бара жатқан адамға сатып жіберген
НҰР-СҰЛТАН, 15 тамыз – Sputnik. Нұр-Сұлтан тұрғыны жас жігітті соққыға жығып, тонап кетті.
Оқиға түнде Гете көшесінің бойындағы "Паровоз" ескерткішінің маңында болды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Күдікті ескерткіштің жанында тұрған жас жігіттен темекі тұтатып беруін өтінген. Бірақ кенеттен ол жігітті ұрып-соғып, оның қолындағы Samsung 032 ұялы телефонын тартып алған. Содан кейін ізін жасырған.
Күдіктінің қылмысы бейнебақылау камерасына түсіп қалды.
Жедел іздестіру шаралары барысында жас жігітті тонаған ер адам ұсталды. Ол елорданың 26 жастағы тұрғыны болып шықты. Қазір уақытша ұстау изоляторында қамауда отыр. Күдікті жәбірленушінің телефонын вокзал маңынан өтіп бара жатқан адамға сатып жіберген.
Қазір "Тонау" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Күдіктінің қала аумағындағы осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.
Жаңалықтар
0