https://sputnik.kz/20220815/munay-onimderi-qazaqstan-zansyz-shygaru-26709295.html
Кәсіпорын 3,5 мың тонна мұнай өнімдерін Қазақстаннан заңсыз шығармақ болды
Кәсіпорын 3,5 мың тонна мұнай өнімдерін Қазақстаннан заңсыз шығармақ болды
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 15 тамыз – Sputnik. Батыс Қазақстан облысында мұнай өнімдерінің заңсыз айналымының жолы кесілді. 15.08.2022, Sputnik Қазақстан
2022-08-15T09:26+0500
2022-08-15T09:26+0500
2022-08-15T09:26+0500
қоғам
мұнай
https://sputnik.kz/img/869/48/8694876_0:125:3000:1813_1920x0_80_0_0_fafc6b88e2c0e45d70311b31a4e179b3.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 15 тамыз – Sputnik. Батыс Қазақстан облысында мұнай өнімдерінің заңсыз айналымының жолы кесілді.Қаржы мониторингі агенттігінің ақпаратынша, биыл шілде айынан бері компанияның мұнай өңдеу зауытына арналған өндірістік төлқұжаты болмаған. Міндетті рұқсат құжаттарының жоқтығына қарамастан кәсіпорын мұнай өнімдерін заңсыз өндіру, сақтау, өңдеу және тасымалдау жұмыстарын жалғастыра берген.Бұл факті бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Қылмыстық-процесстік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етілмейді.ҚМА азаматтардан мұнай және мұнай өнімдерін заңсыз тасымалдау, сатып алу, сату және сақтау фактілері анықталған жағдайда, агенттіктің сенім телефонына және аумақтық департаменттеріне хабарлауды сұрады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/869/48/8694876_0:0:2537:1903_1920x0_80_0_0_fe86e43a048d300b7786aba5852c1d81.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мұнай
Кәсіпорын 3,5 мың тонна мұнай өнімдерін Қазақстаннан заңсыз шығармақ болды
НҰР-СҰЛТАН, 15 тамыз – Sputnik. Батыс Қазақстан облысында мұнай өнімдерінің заңсыз айналымының жолы кесілді.
Қаржы мониторингі агенттігінің ақпаратынша, биыл шілде айынан бері компанияның мұнай өңдеу зауытына арналған өндірістік төлқұжаты болмаған. Міндетті рұқсат құжаттарының жоқтығына қарамастан кәсіпорын мұнай өнімдерін заңсыз өндіру, сақтау, өңдеу және тасымалдау жұмыстарын жалғастыра берген.
"Дер кезінде жүргізілген шаралардың нәтижесінде 3,5 мың тоннадан астам мазут, теңіз отыны мен нафтаны ел аумағынан тыс жерлерге заңсыз шығарудың жолы кесілді", - деп мәлімдеді агенттік.
Бұл факті бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Қылмыстық-процесстік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етілмейді.
ҚМА азаматтардан мұнай және мұнай өнімдерін заңсыз тасымалдау, сатып алу, сату және сақтау фактілері анықталған жағдайда, агенттіктің сенім телефонына және аумақтық департаменттеріне хабарлауды сұрады.