Ішкі істер министрі жоғалған баланы тапқан полицейді марапаттады

© Photo : Пресс-служба департамента полиции Восточно-Казахстанской области Потерявшегося в Восточном Казахстане мальчика с аутизмом вернут родителям
Потерявшегося в Восточном Казахстане мальчика с аутизмом вернут родителям  - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.08.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 15 тамыз – Sputnik. Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов Шығыс Қазақстан облысында жоғалған 12 жасар баланы тапқан полицей Тілек Ерлібековты марапаттады.

Ішкі істер министрі кәмелетке толмаған Тамирлан Ахмеджановты іздеуге қатысқандардың еңбегін жоғары бағалап, алғысын білдірді, деп хабарлады Polisia.kz.
"Әр минут санаулы болатын. Бала табылған шұңқырдың тереңдігі үш метр екен. Түнгі уақытта температураның төмендігін ескеретін болсақ, оқиға қайғылы аяқталуы мүмкін еді", - делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта іздеу операциясы аяқталды. Іздеуге 400-ден астам полиция қызметкері жұмылдырылды.
ШҚО полиция департаменті арнайы жасағының қызметкері Тілек Ерлібековтың қырағылығы арқасында бала аман-сау табылды. Ол "Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін" ведомстволық медалімен марапатталды.
Шығыс Қазақстан облысының Согра елді мекенінде жұмадан сенбіге қараған түні он екі жасар бала жоғалып кетті. Ол аутизмге шалдыққан, сөйлемейді.
Жаңалықтар
0