https://sputnik.kz/20220815/ertis-pavlodarda-suga-ketken-eki-adam-qutqaryldy-26708779.html
Ертісті жүзіп өтпек болған: Павлодарда суға кеткен екі адам құтқарылды
Ертісті жүзіп өтпек болған: Павлодарда суға кеткен екі адам құтқарылды
Sputnik Қазақстан
Сол маңнан өтіп бара жатқан адамдар суға батып жатқандардың дауысын естігенін хабарлады 15.08.2022, Sputnik Қазақстан
2022-08-15T09:12+0500
2022-08-15T09:12+0500
2022-08-15T09:12+0500
павлодар облысы
ертіс
https://sputnik.kz/img/1032/41/10324191_0:104:2000:1229_1920x0_80_0_0_c92a3ec59a02a6c2276a6cc6cbe2a9c4.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 14 тамыз – Sputnik. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері суға батып бара жатқан Павлодардың екі тұрғынын құтқарды, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі. Сағат 00.50-де 102 операторынан Орталық жағалауда, шіркеу маңында екі адамның суға кеткені туралы хабарлама келіп түскен. Сол маңнан кездейсоқ өтіп бара жатқан адамдар суға батып жатқан адамдардың дауысын естіп телефон соққан. Құтқарушылар дер кезінде жетіп, төтенше жағдайға ұшырағандарды судан шығарып, оларды құтқару станциясына жеткізді. Зардап шеккендер 1974 және 1983 жылы туған азаматтар екені белгілі болды. Ер адамдар медициналық көмекке мұқтаж болмаған және алкогольдік ішімдік ішпеген. Құтқарылғандар Ертісті жүзіп өтуді көздеген. Бірақ мұны жүзеге асыруға күштері жетпеген. Кеше павлодарлық құтқарушылар өзен порты аймағында да батып бара жатқан адамды Ертістен алып шықты. Оған медициналық көмек қажет болмады.
павлодар облысы
ертіс
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1032/41/10324191_112:0:1889:1333_1920x0_80_0_0_7cb746271297a6e88a057a1a33acce13.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
павлодар облысы, ертіс
Ертісті жүзіп өтпек болған: Павлодарда суға кеткен екі адам құтқарылды
Сол маңнан өтіп бара жатқан адамдар суға батып жатқандардың дауысын естігенін хабарлады
НҰР-СҰЛТАН, 14 тамыз – Sputnik. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері суға батып бара жатқан Павлодардың екі тұрғынын құтқарды, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Сағат 00.50-де 102 операторынан Орталық жағалауда, шіркеу маңында екі адамның суға кеткені туралы хабарлама келіп түскен. Сол маңнан кездейсоқ өтіп бара жатқан адамдар суға батып жатқан адамдардың дауысын естіп телефон соққан.
Құтқарушылар дер кезінде жетіп, төтенше жағдайға ұшырағандарды судан шығарып, оларды құтқару станциясына жеткізді.
Зардап шеккендер 1974 және 1983 жылы туған азаматтар екені белгілі болды. Ер адамдар медициналық көмекке мұқтаж болмаған және алкогольдік ішімдік ішпеген.
Құтқарылғандар Ертісті жүзіп өтуді көздеген. Бірақ мұны жүзеге асыруға күштері жетпеген.
Кеше павлодарлық құтқарушылар өзен порты аймағында да батып бара жатқан адамды Ертістен алып шықты. Оған медициналық көмек қажет болмады.