Атырауда есірткіге мас жүргізуші ұсталды - видео

© Sputnik / Абзал КалиевВодитель автобуса
Водитель автобуса - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.08.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 15 тамыз – Sputnik. Атыраулық полицейлер есірткілік мас күйде көлік басқарған жүргізушіні анықтады, деп хабарлайды Polisia.kz.
13 тамыз күні сағат 21:03 шамасында Атырау қаласының Полиция басқармасы патрульдік полиция қызметкерлері кезекшілік кезінде С.Бейбарыс – Молдағұлова көшесі бойында мемлекеттік тіркеу белгісі жоқ және алдыңғы екі бүйір терезесі қараңғылатылған ВАЗ автокөлігін байқап, тоқтатпақшы болған.
Алайда жүргізуші заңды талапқа бағынбай, тек Махамбет көшесінде кедергі келтіру арқылы тоқтатылады.
Көлік тізгінінде 33 жастағы қала тұрғыны болған. Тексеру кезінде жүргізушінің көлік құралын басқару құқығы жоқ екені және есірткілік заттар қабылдап, рульге отырғаны белгілі болды.
Ер адамға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 608-бабы 6-бөлігі, 590-бабы 2-бөліг және 613-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттамалар жасақталып, көлік құралы арнайы тұраққа қойылды.
Жаңалықтар
0